Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ashyq: «Қызыл» статусы бар 600-ге жуық адам оқшаулау режимін бұзған

Ashyq: «Қызыл» статусы бар 600-ге жуық адам оқшаулау режимін бұзған

Ashyq жүйесі «қызыл» статусы бар 600-ге жуық оқшаулау режимін бұзушыны анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ashyq жүйесі бойынша анықталған «қызыл» мәртебесі бар барлық жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. 10 -21 маусым аралығында Ashyq жобасы аясында жұмыс істейтін нысандарда «қызыл» статусы бар 570 және «сары» статусы бар 879 адам тіркелген. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары «қызыл» статусы бар қалған тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөніндегі жұмысты жүргізіп жатыр. Еске салайық, 10 сәуірде КВИ-ға шалдыққан науқастар және олармен байланыста болған адамдар үшін оқшаулаудың міндетті режимін көздейтін санитариялық-эпидемиологиялық талаптар күшіне енген болатын. Белгіленген талаптарды орындамағаны үшін оқшаулау режимін бұзушыларға 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде айыппұл салынады (ҚР ӘҚБтК 452-бабы).
24 маусым 2021 ж. 1 287 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 301

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031