Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Цой айналасындағыларға қауіп төндіретін адамдар туралы айтты

Цой айналасындағыларға қауіп төндіретін адамдар туралы айтты

Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады, енді Ashyq жобасында "қызыл" статус шығатын азаматтарға айыппұл салынады. Ashyq жобасы енгізілгелі бері "қызыл" статуспен 4 401 адам анықталған, тағы төрт мыңға жуығы науқастармен байланыста болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Өкінішке қарай, кейбір азаматтар вирус жұқтырғанын біле тұра, үйде оқшаулану режимін сақтамайды, халық көп жиналатын орындарға баруға тырысып, ел ішінде емін-еркін жүреді. Осылайша айналасындағы адамдарға қауіп төндіреді және коронавирустың таралуына себепші болады", - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында.
Осыған байланысты министрлік карантин режимін бұзатындарды әкімшілік жауапқа тарту туралы шешім қабылдады. Енді Ashyq жобасында "қызыл" статус шығатын азаматтарға 87 мың теңге айыппұл салынады.

Министрдің сөзінше, Ashyq енгізілгелі бері 4 401 адамда "қызыл" статус шықты, 3 981 адам індетке шалдыққандармен байланыста болғаны анықталды.
Бүгінде Ashyq жүйесіне 10 мыңнан аса нысан қосылған, 2 миллион 100 мың қолданушы тіркелді.
Маусым айының соңына дейін жоба әуежайлар мен теміржол вокзалдарында енгізіледі.



15 маусым 2021 ж. 622 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 301

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031