Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вокзалға «қызыл» немесе «сары» мәртебесі бар адамдардың келуі жиіледі

Вокзалға «қызыл» немесе «сары» мәртебесі бар адамдардың келуі жиіледі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ұлттық компания баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздегі барлық ірі вокзалда Ashyq жобасы енгізілген. Бұл коронавирус жұқтырғандар мен олармен байланыста болған адамдарды анықтауға мүмкіндік береді. «Алайда қазіргі таңда вокзалға «қызыл» немесе «сары» мәртебесі бар адамдардың келуі жиілеп кетті. Сондықтан Ashyq.kz сайтында орналастырылған QR-кодтың көмегімен өз мәртебесін Ashyq қосымшасы және Kaspi.kz сайтындағы аталған қосымша арқылы мәртебені алдын ала тексеруді сұраймыз», - деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, Ashyq мобильді қосымшасы арқылы QR-кодын сканерлегеннен кейін адамның мәртебесі түрлі-түсті форматта көрсетіледі: «Қызыл» мәртебе – адам вирус жұқтырды деген сөз. Оның тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Мұндай мәртебедегі адамдар үйден шықпауы тиіс. «Сары» мәртебе – келушінің ауру жұқтырғандармен байланыста болғанын білдіреді. Оларға үй маңындағы азық-түлік дүкендеріне немесе дәріханаларға баруға рұқсат берілген. «Көк» мәртебе – ПТР-тест міндетті саналатын орындарды қоспағанда, жүріп-тұруға ешқандай шектеу жоқ деген сөз. «Жасыл» мәртебе – ПТР-тест тапсырып, нәтижесі теріс шыққанын көрсетеді. «Қызыл» немесе «сары» түс шыққан клиенттер ғимаратқа кіргізілмейді.
04 шілде 2021 ж. 840 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930