Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Ashyq» жобасы бойынша 66 кәсіпкерлік нысан жұмыс жасауда

Қызылордада «Ashyq» жобасы бойынша 66 кәсіпкерлік нысан жұмыс жасауда

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов айтты.
12 мамырдағы ақпарат бойынша 66 кәсіпкерлік нысан QR код алып, жоба аясында жұмыс жасауда. Олардың 43-і қоғамдық тамақтану қызметі, 11-і компьютерлік клуб, 2-еуі бильярд, 2-еуі фитнес орталығы, 2-еуі бассейн, 2-еуі спа-орталығы, 2 кинотеатр, 1 боулинг орталығы, 1 сауна. Жобаға қатысушылардың 61-і Қызылорда қаласының кәсіпкерлері. Ал 3-еуі Шиелі ауданының, 1-еуі Қазалының, 1-еуі Арал ауданының кәсіпкерлері, – деді Пірмұхаммед Сыздықов.
Баспасөз мәслихатында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ұлбосын Аханаева «Ashyq» жобасы енгізілгеннен бері Қызылорда қаласында кәсіпкерлік нысанға кірмек болған «қызыл» және «сары» статустағы 6 адам анықталғандығын жеткізді. Олардың 1-еуі нақты науқас, вирус анықталған «қызыл» статустағы азамат болса, 5-еуі ауырған азаматтармен қарым-қатынаста болған «сары» статустағы адамдар.
14 мамыр 2021 ж. 504 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 58

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 59

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 102

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 118

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031