Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертеңге сенім күш берді

Ертеңге сенім күш берді

Кеңес Одағының құрамынан шығып, өз алдына жеке ел болған Қазақстан үшін тәуелсіздік – ұлы жетістік.
1991 жыл – ел тарихында алтын әріптермен қашалып жазылатын, ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып жететін уақыт. Бабалар аңсап кеткен егемендікке қол жеткізген Қазақстан жаңа, өзіне мүлдем таныс емес жүйе құру жолында алғашқы бес-алты жыл көлемінде әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан көптеген қиындықты бастан өткерді. Экономикалық дағдарыс, жаппай жұмыссыздық, бағаны ырықтандыру, меншікті жекешелендіру, инфляция барлығы халықтың өмір сүру жағдайына біршама әсер етті. Бірақ береке мен бірліктің арқасында тұрақтылық сақталды.

Қуаныш ІЗТІЛЕУОВА, ардагер ұстаз:
– Қазақ елі көптеген әрқилы заманды басынан өткізіп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл болғаны баршаға мәлім. Халық үшін ерекше 1991 жылы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін мүлдем басқа, адамдар психологиясына жат нарықтық экономикаға өттік. Бұл жүйеде тиімді қызметтер атқару үшін ұлттық экономикаға пайдалы, жан-жақты бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа не ұзақ мерзімді стратегиялар шығарып, іске асыру жолға қойылды. Бірақ мұндай ауқымды да мақсатты жобалардың орындалуы үшін уақыт, күш, қаражат қажеттігі айтпаса да белгілі. Ал бізде артық қор, жеке валютамыз болмады. Өндіріс орындары мен кәсіпорындар жаппай жабылып, таратыла бастады. Соның салдарынан егемендіктің алғашқы кезеңінде қоғамдық өмірдің барлық саласына әсер етуімен сипатталады.
Есімде 96-жылдары білім ошағында қызмет етіп жүргендерге 6 айлап, тіпті, жылдап айлық берілмеді. Сол тұста біразы жұмысын ауыстырып, қаражат табу жолдарын қарастырды. Ал мендей мамандығын жақсы көретін әріптестерім жалақыларын алмаса да, сенім мен үмітін үзбей өз міндетімізді орындадық. Бабаларымыз аңсаған тәуелсіздігімізді мақтан тұта еңсемізді жоғары ұстап, оқушылардың ерекше құлшыныспен сауатын ашып, оқу мен ілімге баулыдық. Себебі егемен елдің тұтқасын осы ұрпақ ұстары сөзсіз еді. Қазір солардың әрқайсысы бір-бір қызметтің мамандары, үлкен істің кәсіпкерлері.
Мен ойлаймын, қазақ халқының сабырлығы мен кез келген қиындыққа шүкірлік етуі елдің өзге мемлекеттермен теңесіп, қарқынды дамуына септігін тигізді. Соның арқасында бүгінде 30 жыл бұрынғы шәкірттерім 25 мамыр мен 1 қыркүйек күні және басқа да атаулы мейрамдарда құттықтап, ұйымдастырған мерекелік шараларда төрден орын береді. Осындай мәртебе берген Тәуелсіздігімді әрдайым мақтан етемін. Қазір емін-еркін бейнетімнің зейнетін татып, балаларымның арасында ел аралап жүрмін. Немерелерім мойныма асылғанда егемендіктің тәтті дәмін сезінемін.

Меңдігүл ҚОЖАНБЕРЛИНА, Қазалы теміржол ауруханасының кадр бөлімінің маманы:
– Тәуелсіздік алған тұста өте жас болдық. Көпшілікпен бірге біз де қуандық. Осы құтты мекемеде тер төккеніме де 30 жылға жуықтапты. Әуелі еңбек жолымды хатшылықтан бастап, кейін тәжірибем толысқан соң кадр бөліміне орналастым. Қазір осы мамандығымның жемісін көріп отырмын. Кадр бөліміне маман болып келген кезімде көп өзгерістер бірінен соң бірі орын алды. Біздің аурухана ең ауыр жағдайға тап болды. Тіпті тарап кету қаупі болды. Бірақ басшы біліктілігінің арқасында орнын сақтап қалды. Өзгелердегідей 6, 5, 3 айлап жалақы берілмей қызметкерлер қиналды. Сол тұста “Энергосеть” мекемесіне қызметке шақырса да бармадым. Себебі аурухана ұжымы өзіме ыстық еді. Үйреніскен жерім, атқаратын қызметім де ойымнан шығады. Ол кезде орыстар көп. Жұмысты қатты талап етеді. Ай сайынғы отчет дайындаумен қаражат берілмей жатқанына да мән бермеппін. Бір жағынан, әке-шешем бар. Солар демеу жасап, қолдау көрсететін. Үйде азын-аулақ мал ұстайтын. Ал жағдайы төмен, көпбалалы ұжымдастарға кәсіподақ тарапынан көмек беріліп тұрды. Кейін 6 айдың жалақысын 1997 жылдың жаңа жылында толық беріп, шала байып қалғанымыз бар. Сол уақытта кейбірі той өткізіп, балалары шаңырақ көтерсе, екіншілері машина алып мәз-мейрам болған.
Осы күні таңдаған мамандығымды ауыстырмағаныма шүкірлік етемін. Қазір Қазалы теміржол ауруханасы ел Тәуелсіздігімен қатар дамып келеді. Байрағымыз әрдайым биікте болып, желбірей берсін демекпін.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

17 шілде 2021 ж. 527 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031