Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 миллион гектар жайылым тозған

21 миллион гектар жайылым тозған

Шамамен 21 миллион гектар жайылым тозып кеткен. Бұл туралы сенатор Сұлтан Дүйсембинов депутаттық сауалында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгінде ауылдық елді мекендерде мал шаруашылығы өнімінің 66 пайызы өндіріледі. Бірақ мұндай орасан биологиялық актив мемлекеттік қолдаудан тыс қалып, заманауи технологиялық процестерге тартылмай отыр. Жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтендіру бойынша жүргізілген жұмыстар дұрыс үйлестірілмегендіктен нәтижелі болмай отыр", - деді сенатор.

Сұлтан Дүйсенбинов жер мәселесін ұлттық деңгейдегі маңызды жоба ретінде жүйелі түрде қарастырмаса жайылым мәселесі шешімін таппайтынын атап өтті.

"Дегенмен жайылымдық жерлердің тапшылығы барлық облыс бойынша бар. Мәселен Түркістан, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ауыл тұрғындары жайылымдардың жетіспеушілігінен зардап шегуде. Елді мекендерде малдың 80 пайызға жуығы ауыл шегінде және оның айналасында жайылатындықтан бұрын бөлінген шамамен 21 миллион гектар жайылымдық жер деградацияға ұшыраған", - деді Сұлтан Дүйсембинов.


27 мамыр 2021 ж. 669 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930