Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жұмыссыздар саны өсті - Зерттеу

Қазақстанда жұмыссыздар саны өсті - Зерттеу

Қазақстанда жұмыссыздар саны былтырмен салыстырғанда екі пайызға артты. Бұған сарапшылардың зерттеуі дәлел, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom-ға сілтеме жасап.

2021 жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыз халықтың саны 451,3 мың адамды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі пайызға көп. Жұмыссыздық деңгейі өсті — бір жылда 4,8-ден 4,9 пайызға дейін.

Ең "жұмыссыз" аймақтар: Алматы, Түркістан облысы және Шымкент.
"Қазақстан өңірлері арасында 2021 жылдың бірінші тоқсанында халықтың жұмыссыздық деңгейі Қарағанды облысында 4,5 пайыздан Түркістан облысында және Алматыда 5,2 пайызға дейін өзгерді. Түркістан облысында жұмыссыз халықтың саны 2,3 пайызға, 42,6 мың адамға дейін, Алматыда — 3,4 пайызға, 53,2 мың адамға дейін өсті", - деп жазады сарапшылар.

Бұл ретте әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі ерлерге қарағанда жоғары: 5,4 пайыз. Ал ерлердің 4,4 пайыз жұмыс істемейді.
Ал қалалық және ауылдық жерлердегі тұрғындар арасында 2021 жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі теңесті. Бұл ретте, егер қалалық жерлерде көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда өзгермесе, онда ауылдық жерлерде жұмыссыздық деңгейі өсті.
Айта ктейік, 2020 жылдың екінші және үшінші тоқсандарында жұмыссыздық деңгейі тіпті 5 пайызға дейін өсіп, жұмыссыздар саны 454 мыңнан 455 мыңға дейін жеткен.
26 мамыр 2021 ж. 715 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 41

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 55

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031