Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде күнбағыс майы қымбаттады

Елімізде күнбағыс майы қымбаттады

Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады. Кейбір өңірде баға литріне 732 теңгеге дейін жеткен. Сонымен қатар тазартылған май өндірісі бір жылда бірден 54,4 пайызға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Елдегі базарлар мен дүкендерде күнбағыс майының литрі 637 теңгеден саудалануда. Бұл осыдан бір ай бұрынғыға қарағанда 1,9 пайызға және бір жыл бұрынғыға қарағанда 44,3 пайызға қымбат.
2021 жылдың бірінші тоқсанында елде 50,9 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,9 пайызға көп. Тазартылған май өндірісі бір жылда бірден 54,4 пайызға, 45,2 мың тоннаға дейін өскен.
Елімізде тазартылмаған күнбағыс майын шығару негізінен Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарына тиесілі. Тазартылған майды өндіру бойынша Шымкент, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы көш бастайды.
Айта кетейік, қазақстандық бес ірі күнбағыс майын өндірушінің монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны анықталды. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді. Осы жылдың алғашқы екі айында күнбағыс майы 6,7 пайызға қымбаттаған.

22 сәуір 2021 ж. 1 766 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930