Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 93 мыңнан астам адам қысқартуға ұшыраған

Елімізде 93 мыңнан астам адам қысқартуға ұшыраған

Елімізде 93 мыңнан астам адам қысқартуға ұшырағанОсы жылдың екінші жартысында 93 мыңнан астам адам қысқартуға ұшыраған. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады деп жазады matritca.kz сайты.
Оған себеп - кәсіпорын жұмысының тоқтауы, банкортқа ұшырауы және кәсіпкерлік субъектілерінің жабылуы. Бұл көрсеткіш ішінде тек 8 пайыздан астамы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан.
Жалпы елдегі жұмыссыздар саны 454 мың адамды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға өскен. Олардың басым бөлігі Алматы қаласы, Алматы және Түркістан облыстарына тиесілі. Алматы қаласындағы жұмыссыздар саны - 54 мың. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 7,3 пайызға артық.
Алматы облысында 49,4 мың, Түркістан облысында 42,3 мың адам тіркелген. Мұнда да өткен жылғымен салыстырғанда өсім бар.
Жұмыссыздықтың себебі әртүрлі. Мысалы, 109,6 мың адам екі қолға бір күрек таба алмай жүрсе, 97 мыңнан астам адам жұмыстан өз еркімен шыққан.
30 қыркүйек 2020 ж. 542 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031