Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада балаларды мектептерге қабылдау автоматтандырылады

Астанада балаларды мектептерге қабылдау автоматтандырылады

Елордада балаларды мектептерге қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет түрі осы жылы автоматтандырылуы мүмкін. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен брифинг барысында Астана қаласының Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Бүгінгі күні білім басқармасы көрсететін 37 мемлекеттік қызметтің 10-ы автоматтандырылған. Бұл мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшаға кезекке қою, балабақшаларға жолдама ұсыну, жетім балаларды қамқорлыққа алу секілді қызмет түрлері», - деді ол.
Білім басқармасының басшысы атап өткендей, қазіргі уақытта жеңілдігі бар азаматтар үшін де балабақшаға қабылдауды автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Егер, мәліметтер базасымен біріктірілсе, аталған мемлекеттік қызмет түрінде автоматтандырылатын болады.
«Осы жылы біздің алдымызда тұрған басты міндеттерді бірі – мектептерге қабылдауды автоматтандыру. Бұл сұранысы мен қажеттілігі жағынан балабақшадан кейін екінші орында тұрған қызмет түрі. Егер, біз оны осы жылдың жаз айына қарай автоматтандыратын болсақ, онда біздің басқармада электронды үлгіде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері 50%-ға жуықтайды» - деді Ә.Жанғозин.
07 наурыз 2018 ж. 1 564 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031