Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 836 ауыл әкімі сайланады

Биыл 836 ауыл әкімі сайланады

Ауыл әкімдерін сайлауыға қатысты әзірлік қызу жүріп жатыр. Жуырда Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына түзетулер мақұлданды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округтер кенттері әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу мәселелері бойынша заң жобалары әзірленгенін хабарлады.

Негізгі заң жобасы арқылы «Сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл реформа 2345 әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты. Бұл ретте 836 әкім ағымдағы жылғы екінші жартыжылдықта тікелей дауыс беру арқылы сайланады. «Сайланған әкім жүргізіп жатқан жұмысы туралы халыққа есеп береді. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы біліктілік талабына сәйкес келетін 25 жастан кіші емес Қазақстан азаматы әкім болып сайлана алады. Сайлауға саяси партиялар ұсынған кандидаттар мен дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1 пайызының қолын жинаған өзін-өзі ұсынушылар қатыса алады», - деді министр. Ұсынылған кандидаттар болмаған не бір ғана адам ұсынылған жағдайда, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі тиісінше екі не бір кандидатты ұсынуға құқылы. Барлық кандидаттар үшін ең төменгі 1 жалақы мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу көзделген. Сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталуға 10 күн қалғанда өткізіледі. Сайлаудың қорытындысы сайлау өткізілгеннен кейінгі үш күн ішінде шығарылады. Сонымен бірге, заң жобасы арқылы Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың өту шегін 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендету қарастырылып отыр. Барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «Барлығына қарсы» деген баған қосылады.



14 мамыр 2021 ж. 718 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930