Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Теңізден байлық тапқан жыл

Теңізден байлық тапқан жыл

Азаттық алған жылдан бері Қазақстан Орталық Азиядағы бейбіт, тыныштықты қалыптастыру бағытындағы жұмысын жалғастыра берді. Соның арқасында түрлі қақтығыст пен сыртқы күштердің әсерінен басқа елдерде болған жағдайлар елде қайталанбады. Оның үстіне ел басқарудағы реформалар қайта жаңартылып, экономикалық дамудың алғышарттары бірінен соң бірі іске қосылып жатты. 1998 жылы да Қазақстанның бүгінгі бақуатты экономикасының іргетасы қалануы жалғасты. Сол тұста қазынаға қаржы түсіретін кез келген жоба билік тарапынан қос қолдап мақұлданатын.

Каспий маңынан мұнай табылды
1998 жылы сәуірде Үкімет «Көк чиптерді» жекешелендіру бағдарламасын іске қосты. Оның міндеті – негізгі өндірістік кәсіпорындарды бірқатар шетелдік және қазақстандық банктерге сату. Нарыққа бағытталған жаңа заңнаманы әзірлеу бойынша жұмыс жалғаса берді. Шілде айында Каспий қайраңының қазақстандық бөлігінде алғашқы мұнай ұңғымасын бұрғылау басталды. Сол кездегі мемлекет жағдайы Президент Н.Назарбаевтың «Елдегі жағдай ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: қоғамды демократияландыру, жаңа ғасырдағы экономикалық және саяси реформалар туралы» Жолдауында нақты көрсетілді.
– Қазақстанның таңдауы айқын. Біз экономиканы, халқымыздың әл-ауқатын қорғау үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға міндеттіміз және біз мұны жасаймыз. Қазақстандықтар! Біз бүгін болашағымыздың шешуші сәтінің куәсіміз. Үміті басым, қорқыныштың, қауіптің, сонымен бірге бірегей мүмкіндіктің уақытындамыз. Бұл біздің ұлт ретінде, Орталық Азия елдерінің алдыңғы қатарында тұрған күштердің бірі ретінде не істей алатынымыз сыналатын сәт. Қазіргі қабылдаған шешімдеріміз өз өміріміздің ғана емес, балаларымыз бен немерелеріміздің өмірін де анықтайды. Қазақстан шешетін саяси мәселелер біздің тағдырымызға ғана емес, сонымен қатар аймақтағы көршілердің, бүкіл әлемдік экономиканың тағдырына әсер етеді. Ұлы еліміздің болашағы мен тағдыры біздің қолымызда», – деген Елбасы өткен жеті жылда бастан кешірген қиындықтар тәуелсіз Қазақстан құруға жол ашқанын атап өтті. Еліміз көпжақты дипломатия мен сыртқы саясаты, сонымен бірге егемендік пен аумақтық тұтастықты нығайтты. Халықаралық қоғамдастықпен тығыз байланыс орнатты.
Қатарға қосылуға жасалған қадам
1998 жылы билік «Қазақстан – 2030» стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың алғашқы қадамдарын жасады. Әлеуметтік-экономикалық саланың, саяси реформалардың динамикасы күшейді. Экспортты ынталандыру, ірі кәсіпорындарды жандандыру бойынша шешімдер қабылданды. Әлемде қаржылық дағдарыс болғандықтан, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық банк жүйесін, кәсіпкерлік субъектілерін, тұтынушыларды және жалпы экономиканы қорғау бойынша жоба әзірленді. Бюджеттік сала мен кәсіпкерлік секторды, бағдарламалар тұрғысынан неғұрлым ашық бюджетті қалыптастыру мен ұсынуды, әлеуметтік қорғау тетіктерін реформалауды, жоғары білім беру мен денсаулық сақтауды қаржыландырудың жаңа схемаларын ажырату үшін жаңа тәсілдер әзірленді. Бюджеттік салада Үкіметтің уақтылы қабылдаған шараларының арқасында 1998 жылы инфляция қолайлы шекте ұсталып, экономика тұрақтана бастады. Осыған қарамастан пайдалы қазбалар мен металдардың әлемдік нарығындағы бағаның төмендеуі нәтижесінде елдің экономикалық жағдайы қиын болып қала берді.

Бұқараны бақуаттандырған бұйрық
Тап осы жылы Мемлекет басшысы Үкіметке халықтың өмірін жақсарту жөнінде бірқатар тапсырма берді. Қалалар мен ауылдарды энергиямен жабдықтау саласында тәртіп орнатуды, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы мен зейнетақылар бойынша қарыздарды жоюды талап етті. Жеке ұйымдарға қатысты жалақы төленбеген немесе кешіктірілген жағдайда қатаң шара қабылдауды тапсырды. Сонымен бірге қоғамдық жұмыстарды бюджет есебінен ұйымдастыру тәжірибесі басталды. Бұл жұмыссыздықтың жоғары деңгейге жетуіне ­байланысты ойға келген ұтымды амал еді.
Бұдан бөлек 1998 жылы алғаш рет Үкіметке миллион тонна астық сатып алу туралы бұйрық берілді. Өйткені аграрлық секторды қолдау және фермерлерді алыпсатар-сатушылардан қорғау күн тәртібінде тұрған. Парламент сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдар топтамасын қабылдады. Ал Президент «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы» Жарлық шығарып, көп ұзамай акт жұмыс істей бастады. Жыл ішінде жүздеген жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкер жұмыстан шеттетіліп, жазаланды. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік Президент Жарлығымен құрылған. Бүгінге дейін ол мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және оқытумен айналысады.

Қала құрылысы басталды
1998 жылы Қазақстанда Азаматтық және Халықтық екі жаңа партия пайда болды. Партиялардың елдің саяси өміріндегі рөлін күшейте отырып, сайлау заңнамасына түзету енгізді. Президент 1999 жылы Парламент Мәжілісіне сайлауға саяси партиялардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету міндетін қойды.
Ізін ала сол жылы Ақмола қаласында ауқымды құрылыс басталды. Мамыр айында жұрт мұның жаңа Астана екенін білді. Айта кету керек, астананы ауыстыру кезеңінде бірқатар мәселе ойдағыдай шешілді. Қуаныштысы сол, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Аз уақыттың ішінде қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының келбеті қалыптаса бастады. Құрылыстың басталғаннан екі жыл өткен соң, 1999 жылы ­ЮНЕСКО Астананы дамудағы ерекше жетістіктері үшін «Бейбітшілік қаласы» құрметті атағымен марапаттады. Қазақстанның жаңа қаласының халықаралық тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өтті. Қуанышқа орай монеталар шығарылды.

Алаш елінің абыройы артты
Қазақстан халықаралық қатынастарды белсенді дамытып, нығайтты. Қаңтарда Алматыда Арал маңында кең ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін ЮНЕСКО-ның арнайы үйлестіруші органын құру туралы Жарлық шықты. Қазақстан мен Еуропа Одағы елдері арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Наурызда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекет басшыларының аймақтық интеграцияны одан әрі тереңдету туралы мәлімдемесі жарияланды. Сәуір айында Қазақстанның Венадағы елшілігінің бастамасымен «Қазақстан – гүлденген экономикалық серіктес» симпозиумы өтті. Бір жыл ішінде елге бірқатар мемлекет пен халықаралық ұйымдардың басшылары келді. Атап айтқанда, сәуір айында алғаш рет Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы, Польша сыртқы істер министрі Бронислав Гермек Алматыға ресми сапарлатты. Желтоқсан айында Ослодағы ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі кезінде Алматыда ЕҚЫҰ Орталығын ашу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚЫҰ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Мамырда Алматыда Экономикалық ынтымақтастық ұйымы мемлекеттерінің 5-ші саммиті өтті. Айдың соңында Президент Н.Назарбаев Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Мишель Камдесспен ресми кездесіп, Қазақстан мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Маусым айының соңында Жапония Қазақстанға Астана әуежайын қайта құру жобасын іске асыру үшін 160 миллион доллар көлемінде несие берді. Ел басынан кешірген экономикалық қиындықтарға қарамастан, оралмандарды қабылдау жалғасты. Ресми дерекке сәйкес, 1998 жылы 3 мың отбасы иммиграциялық квота бойынша тарихи отанына оралды.

Дайындаған Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ


25 наурыз 2021 ж. 2 204 0

Жұмылған жұмыс жемісін береді

28 желтоқсан 2024 ж. 110

Форум: Прогресс һәм жастар

28 желтоқсан 2024 ж. 111

Байқаңыздар, балақай!

28 желтоқсан 2024 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031