Қазақстан бензині неге қымбаттап тұр? Сарапшы пікірі
Соңғы уақытта жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы шарықтап кетті. Жекелеген бекеттерде бензиннің бір литрі 4-5 теңгеге дейін өссе, кейбірінде тіпті 6-7 теңгелік өсім тіркеліп отыр. Бағаның бұлай құбылуына не себеп? Бұл туралы мұнай және газ нарығының сарапшысы Ерлан Жаукин айтып берді, stan.kz.
Маманның сөзіне, сүйенсек бензин бағасын арттыруға мәжбүр болған.
"Біріншіден, мұны мәжбүрлі шара деп топшылауға болады. Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына келіп түсетін мұнайдың бағасы қымбаттағандықтан, осылай болып отыруы әбден мүмкін. 2021 жылдың басынан бері мұнай өнімдерін тасымалдау қызметінің құны артқанын да ұмытпау керек. 2020 жылы бензин акцизінің құны өскені елдің есінде. Сол шараның нарықтағы нақты әсері енді білініп жатыр. Осы аталған факторлардың барлығы жанармай құю станцияларда бензин бағасын қалыптастыратын экономикалық себеп деп ойлаймыз", - дейді Ерлан Жаукин.
Бұған қоса, ол бензин бағасына жанама әсер ететін фактор ретінде көрші елдердегі бензин бағасының қалыптасуы мен жанармайдың шектес мемлекеттерге ағылу қатерін атап өтті.
"Бұл жерден "мәжбүрлі шара" деп отырғанымыз мынау. Жанармайдың ең төменгі баға дәлізін жер қойнауын пайдаланушылар субсидиялап келген. Яғни, өңделетін шикізаттың бағасына жеңілдіктер жасайтын. Бұл баға мен экспортқа шығатын мұнай бағасының айырмашылығы 50 доллардай болады. Қазір аталмыш жеңілдіктің көлемі 80-130 доллар аралығында болып тұр. Бұл жерде баға мұнайдың қай жаққа жөнелтілетініне қарай құбылады. Жер қойнауын пайдаланушылардың көбі келісімшарт бойынша, өндірген мұнайдың 35-45 пайызын ішкі нарыққа өткізу туралы міндет алған. Қазір олар шығарған өнімінің 75-80%-ын ішкі нарыққа беріп отыр", - деп қосты сарапшы.
Маман ішкі нарықтың сұранысы неліктен артып кеткені жайлы сөз қозғады.
"Отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Оның үстіне мұнай өңдейтін жаңа өндіріс көздері іске қосылып жатыр. Тұтас жылмен есептегенде, ішкі нарықтың тұтыну көлемі шамамен 2 млн тоннаға жетіп отыр. Осылайша қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары өңдеуге қажетті шикізатты толық көлемде әрі үлкен жеңілдікпен алып отыр. Есесіне жер қойнауын пайдаланушылар мынадай жайттарды бастан өткеріп жатыр:
− кен орнының сарқылуы салдарынан мұнай алу көлемі түсіп барады;
− мұнай экспорты әлсіреп, оны сатудан түсетін пайда қысқарды;
− ішкі нарыққа субсидияланған бағамен беретін мұнайдың көлемі өсті.
Бір сөзбен айтқанда, мұнай өндірісінің азайып, ішкі нарыққа жеткізу көлемі артқандықтан жер қойнауын пайдаланушылардың кірісі кеміп отыр. Тиімді бағамен экпортталатын өнім көлемі төмендеп, тиімсіз бағамен ішкі нарыққа өткізу көлемі ұлғайған. Қазіргі жағдайда мұнай экспортынан түскен пайда көптеген жер қойнауын пайдаланушының ішкі нарыққа жеңілдікпен мұнай өткізген кездегі шығындарын жаппай отыр", - дейді Ерлан Жаукин.
Алым-салықтың да бағаға тікелей әсері бар, дейді сарапшы.
"2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бензин акцизінің мөлшерлемесі тоннасына 10 500 теңгеден 24 535 теңгеге дейін өскенін көбі ұмытып кетті. Литрге шақсақ, акциз құны 11 теңге қымбаттаған. 2020 жылдың 1 тоқсанында бензин бағасы литріне 148 теңгеден 155 теңгеге артты. Яғни, жергілікті бюджеттерге түсетін акциз мөлшерлемесін көтеру шарасы тұтынушыдан гөрі мұнайшының мойнына салмақ түсірді. Карантин шектеулері мен әлемдегі бағаның құлдырауы қазақстандық бензиннің бағасын 2019 жылғы деңгейге дейін шегеріп тастады", - деп қосты ол.
Қазақстандық жанармай құю станциялары мен көрші елдердің жанармай құю станцияларындағы баға айырмашылығы да өз әсерін тиігізбей қоймайтынын алған тартқан маман Ресей Федерациясындағы жайғдайды мысалға келтіреді.
"Бүгінде Ресейдің бізбен шекаралас өңірлерінде АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрі қазақстандық баламасынан 90-100 теңгеге қымбат. Бұл – біздің бензиннің осы елге ағылуына түрткі болатын жайт. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында осындай жағдайларды байқауға болады. Бензин багы орнатылған ауыр жүк көліктері аталған өңірлердің жанармай бекеттерінен жиі жанармай құяды. Мұндай «фураның» біреуі ғана 4 мың тоннан бензинді алып өтіп, ресейлік жанармай құю станцияларға қымбат бағамен сата алады. Бензин бағасының бұл жолғы қымбаттауын «мәжбүрлі шара» деп отырғанымыз осы. Соның арқасында мұнай өндіру мен оны ішкі нарыққа жеткізудің экономикалық тепе-теңдігін қалпына келтіре аламыз. Біздегі бензиннің көрші елдің нарығына ағылуы ешқандай пайда әкелмейтіні айтпаса да түсінікті. Біздің ойымызша, АИ-92 маркалы бензиннің бөлшек саудадағы бағасы литріне 170-175 теңге болғаны әділетті", - деді сарапшы.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жанармай бағасының артып кеткені жайлы айтылған еді. Сарапшылардың сөзінше, бензин бағасы жыл соңына дейін тіпті шарықтап кетуі әбден мүмкін.