Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленеді – Асхат Аймағамбетов

Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленеді – Асхат Аймағамбетов

ҚР Үкіметінің отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшалармен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
  3-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 98,8%-ға дейін жетті. Ал 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту деңгейі әлі де 71%-ды ғана құрайды. Сондықтан ерте жастағы, яғни 2 мен 6 жастағы балаларды қамту міндетін басты назарға қойып отырмыз. Осы жастағы балалар үшін ең көп кезек Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында, - деді ол.
2025 жылға қарай 2-6 жастағы балаларды қамтуды 95%-ға, ал 3-6 жастағы балаларды қамтуды 100%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр.
Ол үшін жекеменшік балабақшалар желісін одан ары дамыту, ваучерлік қаржыландыруды, одан бөлек әлеуметтік тәрбиеші институтын енгізу тетіктерін кеңінен қолданамыз. Сәйкесінше, әкімдіктерден мемлекеттік тапсырыс мөлшерін нормативке сай төлеу мәселесін шешулерін сұраймын. Өйткені онсыз жаңа орындар ашу мүмкін болмайды, - деп түсіндірді Білім министрі.
Аймағамбетовтің сөзінше, Мемлекет басшының тапсырмасына сәйкес мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленеді. Оны енгізу жаңа оқу жылынан басталады.
Бұл үшін ойын арқылы оқыту қағидаты негізінде мемлекеттік стандартқа өзгерістер енгізіледі. Тәрбиешілерді даярлау, біліктілігін арттыру жүйесі, бағдарламалар жаңартылады. Сонымен бірге енгізілетін ваучерлік қаржыландыру тетіктері де балабақшалардың бәсекелестігін арттыру арқылы білім сапасына да оң өзгеріс әкеледі, - деп атады Асхат Аймағамбетов отырыста.
                                                   baq.kz
11 наурыз 2021 ж. 2 803 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 111

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 114

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 114

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 112

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 118

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 110

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031