Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бордақылау алаңы салынды

Бордақылау алаңы салынды

Қазақ халқының бағзыдан бергі тіршілік көзі мал шаруашылығы екені баршаға белгілі. Қашанда халық үшін бұл сала айрықша маңызды. Мал өсірудің бірден-бір ерекшелігі жыл бойы өнім өндіруге қолайлы болуында. Жұртшылықты жылдың төрт мезгілінде ет, сүт және маймен, ал өндірісті – жүн, қаракөл елтірісі және мал терісімен қамтамасыз ете алады.

Мемлекет қазір қажетті деңгейде көңіл бөліп, мал өсіру кәсібінің өркендеуі жолында түрлі жеңілдікке толы қой өсіруге бағытталған «Алтын асық», ірі қара малын көбейтуге «Сыбаға», ал жылқы тұқымын асылдандару үшін «Құлан» бағдарламасын кәсіпкерлерге бейімдеп бергені мәлім. Осы орайда бірі несие алып, екіншісі өз қаражатымен ісін дөңгелетіп ата кәсіппен айналысып отырған жерлестер қатары да күн санап артып келеді. Аудан деңгейінде осы бағытта жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда.
Соңғы жылдары тұрғындар мемлекеттік бағдарлама арқылы қолындағы азын-аулақ төрт түліктің қарасын көбейтіп, бордақылау алаңдарын бірінен соң бірі аша бастады.
Жақында Арықбалық ауылдық округінде ет бағытындағы «Шынтас Жалғасбаев» шаруа қожалығы ірі-қара малын көбейтуге арналған бордақылау алаңын салып бітірді.
– Мемлекеттен несие алмай, ешқандай жеңілдіксіз барлық керек-жарағына өз қаражатымды жұмсадым. Жалпы алғанда шығыныма үш миллион теңгеге жуық ақша кетті. Алаң үй ауласында орналасқан. Қазір мұнда отыз бас ірі-қара малын ұстап отырмын, – дейді кәсіпкер Руслан Жалғасбаев.
Қорадағы Зеңгі баба баласының бабы келісті. Себебі үш сағат сайын жем-суы жеткізіліп тұр. Ол үшін бидайды арнайы Қостанай қаласынан алдырып, бірмезгіл жоңышқа беріліп, жемнің үш-төрт түрі дайындалады.
Шаруақожалық иесінің айтуынша, бұл бастаманы тәжірибе ретінде қолға алған. Егер әрі қарай кәсібі дөңгеленіп кетер болса, алаңның көлемін кеңейтуді ойлап отыр. Ал негізгі мақсат – халықты халал дайындалған етпен қамтамасыз ету болып қала бермек.
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ
11 наурыз 2021 ж. 2 529 0

Жұмылған жұмыс жемісін береді

28 желтоқсан 2024 ж. 106

Форум: Прогресс һәм жастар

28 желтоқсан 2024 ж. 108

Байқаңыздар, балақай!

28 желтоқсан 2024 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031