Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда қаласында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті

Қызылорда қаласында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті

Қызылорда қаласында жауын-шашын салдарынан туындаған қолайсыздықтарға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті, - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Кеше Қызылорда қаласында жауынның арты көктайғаққа ұласты. Көлік және жаяу жүргіншілер жолдарын мұздан тазарту жұмыстарына 16 арнайы техника (5 трактор, 9 Камаз, 2 кіші тазалағыш техника) жұмылдырылып, 150 тоннадан астам құм мен тұз аралас қоспа себілді. 130 қызметкер жаяу жүргінші жолдарындағы мұздарды ойып, тазалау жұмыстарын жүргізген.
Бүгін түнгі сағат 3-тен бастап жауған қарды тазалау жұмыстарына «Қызылорда Тазалығы» ЖШС тарапынан 44 арнайы техника (10 арнайы құм-тұз себуге арналған КАМАЗ, 6 кіші техника, 5 трактор «Щетка», 3 УАЗ «Чистик», 2 «АМКАДОР» қар тазалағыш техика, 3 қар тиегіш КАМАЗ, 3 қар тиегіш трактор, 3 «МК-7» арнайы жабдықталған кіші техника, 7 қоқыс тасығыш техника, 1 грейдер, 1 жүк тиегіш техника) және қосалқы мердігер мекемелер тарапынан 7 дана арнайы техника жұмылдырылды.
Қазіргі таңда көшедегі мұздарды еріту мақсатында 336 тонна құм мен тұз аралас қоспа себілді. 180 қызметкер жаяу жүргінші жолдарын тазалау жұмыстарымен айналысып жатыр.
21 ақпан 2018 ж. 1 615 0

ХАБАРЛАНДЫРУ!

26 ақпан 2026 ж. 68

Есіктен есікке

26 ақпан 2026 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728