Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алпыс жылдан асқан аспалы көпір

Алпыс жылдан асқан аспалы көпір

Біреу білсе, біреу білмес, Қазалы стансасындағы теміржол бойында орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірдің салынғанына бақандай 62 жыл болыпты. Оның үстімен ең алғаш мектепке бармай тұрған кезімде өткенмін. Биіктегі арасы ашылған ағаштардың саңылауынан төменді көріп қатты қобалжыдым. Сол кезде әкемнің таңғала күлгені әлі күнге көз алдымда қалды. Содан соң бұлай не үшін жасағанымды сұрап, үрейленбей тіке жүруді түсіндірді.

Қазір тоғыз жолдың торабындағы өткел үстімен жүргенде сол қылығымды есіме алып іштей езу тартамын. Әлемді шарпыған індеттің салдарынан қоғамдық көліктің қатынасы сирексіді. Қызметтері кешкі сағат 18:00-ге дейін шектелді. Осы тәртіпке қалыптасқан “Газель” жүргізушілері үйреншікті ізбен ерте тоқтап қалатынды шығарды. Сондықтан жұмыстан соң жаяу жүруге мәжбүр болдым. №5 ықшам ауданда тұратындықтан екі ортаны тілге тиек етілген көпір байланыстырады. Мініп-түскен сайын кәдімгідей ентігесің, бұған мән бермес үшін баспалдақтарды санауды әдетке айналдырдым. Сонымен вокзал бетінен шығатын баспалдақ саны – 46, ортасынадағысы – 6, түсердегісі – 37 текшеден тұрады. Жақында жарты ғасырдан асқан осы көпірдің тарихын біліп, көпшілік назарына ұсынуға ден қойдым.
Әйтеке би кентінің солтүстік беті, яғни №5 ықшам аудандағы 13 мың халыққа қаншама жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан көпір Қазалы жол дистанциясының теңгерімінде екен. Бұл мекемені Ибрагим Бабақов басқарады. Қарамағындағы 488 жұмысшы-қызметкермен Аралқұмнан бастап Қаракеткенге дейінгі аралықтағы пойыздар қозғалысына жауап береді. Басты жолдың ұзындығы – 519,8, стансалық жол – 125,3 шақырымды құрайды және 419 бума бағыттағыш бұрма жұмыс істейді. Бұған қоса 225 жасанды құрылыс, 55 қызметтік техникалық ғимарат және 11 теміржол өткелі бар. Қазалы жол дистанциясы ұжымы айтылған нысандардың күнделікті ағымдық жөндеуімен айналысады. Дистанция аралығы 18 айналым мен 5 өндірістік телімге бөлінген.
Көпір шебері Нұркен Қарабалаевтың мәлімдеуінше, жаяу жүргіншілерге арналған темір көпірдің ұзындығы – 203,45 метрді құрайды. 1955 жылы сметалық жобасы Орынбор теміржолына қарасты жобалық конторының бас инженері Белашов, топ басшысы Рейдчнейстердің бақылауымен сызылған. Жазба деректерде жоба авторы Карпухов, тексеруден өткізген Волков екендері аталады.
– Жөндеу жұмыстарын жуырда жүргіздік. Дегенмен көпірді жаңалауға берілген құралдардың жетіспеушілігінен толықтай қалпына келтірілмеді. Сонымен қатар жауын-шашын, қыстағы аяз бен жаздағы аптаптың әсерінен төселген ағаштар тез тозады. Жарықшамды жоғарыдан берілген тапсырма бойынша ағытып алдық. Шындығында электр тоғынан ақау шықса, ағаштар тұтанып, өртке орануы мүмкін. Тіреулері рельстен жасалғандықтан күрделі жөндеу қажеттілігіне байланысты жаңа көпір салу туындап отыр. Десек те аудан тұрғындарына алпыс екі жыл бойы қызмет көрсеткен өткелдің құндылығы зор. Оны бүгінгі ұрпақтың естен шығармай айта-айта жүрері сөзсіз, – дейді Қазалы жол дистанциясының жасанды ғимараттарды жөндеу блогының шебері Нұркен Әбілжанұлы.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

10 қараша 2020 ж. 993 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930