Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 500 бас қоймен басталған бизнес

500 бас қоймен басталған бизнес

Дамыған әлем елдеріне көз салсақ олардың басым бөлігі ауылшаруашылығына, отандық өнімді экспорттауға аса мән беретінін байқаймыз. Бұл мемлекеттің имиджімен қатар экономиканың жетекші саласы саналады. Өйткені ет пен дақылдарға деген сұраныс ешқашан толастамайды. Сол себепті Қазақстан билігі де ауылшаруашылығын дамытуды, ет өнімін экспорттауды, кемі бірнеше адамды жұмыспен қамтып, кәсіппен айналысушылардың отбасын асырауға жағдай жасап бергісі келеді. Сол үшін мал баққысы келгендерге мемлекеттік гранттар, жеңілдетілген несиелер мен жыл сайын субсидия төлеуден тартынып отырған жоқ.
Қазалы ауданында төрт түлігі түгел, ата кәсіпті жалғастырушы шаруалар жүздеп саналады. Олардың барлығы мемлекет қолдауын көрген. Соңғы уақытта жұмыссыздардың кәсіп ашуына қолдау мақсатында тағайындалатын грант есебінен үй жануарын асыраушылар саны тіптен еселенді. Кәсіп бастаушылар ісін көбіне бұзаулы сиыр мен жантақ мал сатып алудан бастайтынын да айта кеткен жөн. Бұдан бөлек шаруа қожалықтары да мал асыраушыларға ұсынылатын мемлекеттік жеңілдіктердің жемісін көруде. Мәселен, Бекарыстан би ауылындағы «Ғибрат» шаруа қожалығы жақында “Сырдария-1” кредиттік серіктестігінен 20 млн теңге қаржы иемденіп, 500 бас қой сатып алған.
Бекарыстан би ауылының тумасы, жеке кәсіпкер Ниетәлі Әбдікәрімов бүгінде кәсіп бастауға ниет еткендер үшін бұрынғыдай қиындық жоқ екенін айтады. Бастысы еңбек етуге деген құлшыныс пен жүйелі жоспар керек. Кәсіпкердің сөзіне сенсек, қазір шығыннан қашу үшін өндірген тауарды өткізу жолдарын ойластырып алған дұрыс. Бірақ ауылшаруашылығы өнімдеріне сұраныс жыл өткен сайын өсіп келе жатқанын ескерсек бұл мәселе де қиындық тудырмайтыны белгілі.
– Мал шаруашылығымен айналысушыларды қаржылай қолдайтын “Сырдария-1” Кредиттік Серіктестігі” ЖШС-нен өсімпұлы төмен несиеге қол жеткізіп, 481 бас аналық, 19 бас асыл тұқымды қошқар сатып алдық. Бұл кәсіптің басы ғана. Ендігі оның жем-шөбін тақтау, жыл бойы күтімін келістіру, болуы мүмкін мал ауруларының алдын алып, екпе жасату, қой басын одан әрі көбейту сияқты жауапты істерге тыңғылықты дайындық үстіндеміз. Менің ойымша қойды көзден таса қылмайтын, қиындығына шыдай алатын төзімді адам ғана бағады. Осы қиындықтарға шыдас беріп, бар күш-жігерін жұмасаған жан ғана бір малды екеу қыла алады, – дейді ауыл тұрғыны.
Қазақта «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген өнегелі тәмсіл бар. Шынында да мал момынның сүті мен еті азық, терісі кәдеге жарап тұр. Шопан ата төлін асыраушылардың кәсіп таңдауда қателеспейтіні де осыдан болар.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
26 қыркүйек 2020 ж. 678 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 12

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 10

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930