Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайтарымсыз грант – береке бастауы

Қайтарымсыз грант – береке бастауы

Несібелі Балымбет жеті баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. Алтын алқа иегері үйінің берекесін келтіріп, үлкен бір әулетті ұйытып отырған бақытты жан. Қашанда ауыл әйелінің тіршілігі бітпеген. Екі мезгіл ас мәзірі, үй-ішін таза ұстау, кір жуу, қонақ күту осының бәрі адамды титықтатып жіберетіні сөзсіз. Дегенмен еңбекқор жандар үшін бұл күнделікті шаруа болып саналады. Тіптен кейбірі үйде отырып жеке кәсіппен айналысуды құп көруде. Несібелі Бақытқызы да көптен бері өз ісін ашуды ойлап жүрген болатын. Осы тілеуін жуырда белгіленген бағдарламаның шапағатымен жүзеге асырды.

Қазір Батыр ана мемлекеттің қолдауымен алған 17 бас тоқтыны бағып, мал басын көбейтуді мақсат етуде. Кәсіпкер әйел “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және табысын арттыру үшін көпбалалы ауылдықтарға жаңа бизнес-идеяларға бөлінетін қайтарымсыз 505 мың теңге мемлекеттік гранттын ұтып алды. Бүгінде оның қуанышында шек жоқ.
– 505 мың теңге ауқымды жобаларды алып кету үшін бастапқы көмек. Мұндай қаражат шағын кәсіп бастауға едәуір жеңілдік болмақ. Ол үшін артылған үміт пен алынған жауапкершілікті орындау керек. Көп жағдайда кәсіпкерлер кәсібін алып кете алмайды. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында іс бастағысы келгендер ірі кәсіп иелерінен сабақ алып, бизнес жолындағы бағыттан кеңес ала алады. Бұл бизнес жоспары дайын, тек қаржы қолбайлау болып отырғандар үшін керемет мүмкіндік, – дейді кәсіпкер ана.
Айта кету керек, қазалылықтардың жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант ұтып алуына мүмкіндік жасалған. Бір реттік қайтарымсыз грант бойынша жұмыссыз көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жастарға 505 мың теңге ұсынылады. Ал кәмелет жасқа толған және зейнеткерлікке дейінгі жұмыссыз азаматтарға 252 мың 500 теңге қаражат беріледі.
Бағдарлама екі бағытта іске асырылуда. Атап айтқанда, өтініш беруші жұмыспен қамту орталықтарында 3 ай кәсіптік оқытудан өтеді. “Бизнес ­Бастауды” таңдағандар 25 күн “Атамекен” кәсіпкерлік палатасында білімін жетілдіреді. Арнайы мамандық немесе сертификат иеленген азаматтар комиссия мүшелерінің алдында бизнес жоспарын қорғап, грант иегері атануына болады.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
16 маусым 2020 ж. 1 046 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930