Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсібі бардың нәсібі бар

Кәсібі бардың нәсібі бар

Шағын кәсіпкерлікті дамыту кез келген ел экономикасының негізі саналады. Сондықтан оны қолдау жолында мемлекеттік бағдарламалар ұдайы жүзеге асырылуда. Мұндай мүмкіндікті қалт жібермеген Әйтеке би кентінің тұрғыны Айгүл Жексембі мемлекет ұсынған қайтарымсыз грант ұтып, бұзаулы екі сиыр сатып алды.
Қазір Айгүл Балғабекқызы жұбайы Нұрбекпен бірге малды күтіп баптауды қолға алды. Ол ірі қараны көбейтіп, бордақылап өткізуді жоспарлап отыр. “Жалпы сиыр жемді көп тұтынатын мал қатарында. Сонда да болса күйеуімнің кеңесімен бұзаулы сиыр алуды жөн көрдім. Себебі “Сиыр сауған шөлдемес” деп сүтін сауып, айран-құртын тұтынуды ойға алдық. Арасында ауысқан ағарған өнімін жем-шөбіне ауыстырып аламын. Ал сапалы ет өндіру үшін сояр алдында жемге байлап қолдан семіртуді көздеп отырмын. Бордақылау мерзімінің ұзақтығы түліктің түріне, малдың жасына, бастапқы салмағы мен қоңдылығына байланысты. Бордақылау бастапқы күйіне қарай 2-3 айға созылады. Етінің сапасы да жақсарады, оның сіңімділігі, жалпы биологиялық тиімділігі малдың қоңдылығына көп байланысты”, – дейді кәсіпкер.
Оның айтуынша, малды жайып ceмірту – еңбекті аз қажет eтетін және оңай iскe асырылатын шаруа. Күн сәулесі, таза ауа, көк шалғын малдың тез қоңдануына үлкен әсер етеді. Сонымен қатар жайып семіртілген мал етінің сапасы  басқа бордақылау түрлеріне қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Сондықтан Айгүл Балғабекқызы ірі қараны өріске қосып тұрады. Бұл әдіс мал азығын үнемдеуге де септігін тигізеді.
Ол Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданындағы филиалы арқылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында “Бастау бизнес” оқу курсына қатысқан. Іскер ана мемлекеттік бағдарламаға орай жастарды қолдау мaқсатында өтеусіз грант ұтып алғанына шексіз риза.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
12 қараша 2019 ж. 1 210 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930