Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық қалаулысы – Қазалыда

Халық қалаулысы – Қазалыда

Қазіргі таңда халықты жұмыспен қамту, олардың кәсіп ашуына толыққанды жағдай жасауға Үкімет тарапынан қолдау қарқынды. Елдегі карантин жағдайына қарамастан ауылшаруашылық саласы мен азық-түлік өнімдерінің саны мен сапасын арттыру күн тәртібінен түскен емес. Сонымен бірге мемлекет қаржысын үнемдеу арқылы аса қажет нысандар мен жобалардың құрылысы “Жол картасы” бағдарламасы арқылы тиімді жүзеге асырылуда.
Ел игілігіне жасалып жатқан осындай істердің орындалу барысын бақылау үшін бейсенбі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы ауданға жұмыс сапарымен келді. Ел ағасы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында бірқатар нысанды аралады.
Дәл осы сәтте аудан бойынша «Жол картасы» бағдарламасымен жалпы құны 3 млрд 11 млн 89 мың теңге болатын 42 жоба іске асырылып жатыр. Соның арқасында көптеген әлеуметтік нысандар, көшелер мен арықтар жөндеуден өтуде. Жоба көлеміне сай жергілікті тұрғындардың уақытша жұмыспен қамтылып отырғанын да айта кеткен жөн. Кейбір аяқталған және жұмысы қызу жүріп жатқан нысандарды аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиев пен аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Назымбеков таныстырды.
Аталған бағдарлама негізінде аудандағы бірқатар білім ошақтарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың арасында С.Сейфуллин атындағы №165, Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп, Қазалы қаласындағы №17 мектеп, «Ақбота» және Ғ.Мұратбаев ауылындағы «Балдәурен» балабақшасының ғимараттарындағы тірлік қарқынды. Ондағы құрылысшылар оқу жылы басталғанша қолға алған істі аяқтайтындарын айтып отыр. Бұдан бөлек Әйтеке би кентіндегі қайта жаңғыртудан өтіп жатқан М.Ғабдуллин көшесінің сапасын бақылап, Ғ.Мұратбаев ауылын газдандыру барысын көрді. Сенат депутаты ауқымды жобалардың бағасын беріп, олардың халық жағдайын жақсарту үшін жасалып жатқанын тілге тиек етті.
– Қызылорда облысындағы іргелі аудан – Қазалыға «Жол картасы» бағдарламасы арқылы қомақты қаржы бөлінген. Негізгі мақсат – жол, мектеп, аурухана, емхана, мәдениет үйлерін ағымдағы және күрделі жөндеу, аулалар мен елді мекендерді абаттандыруды іске асыра отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу. Сол арқылы халықты жұмыспен қамту үкіметтің басты мақсаты.
Мемлекет тарапынан қолдау болған соң атқарылатын істің сапасы жақсы болуы қажет. Аудан басшылығы жұмыстың тыңғылықты жүруіне үнемі бақылау жүргізіп отырады екен, – деді Мұрат Бақтиярұлы.
Сенатор аудан орталығындағы темір-бетон зауытының тірлігімен де танысты. Мекеме басшысы Сәбит Өтегенов зауыт өндіретін темір-бетон өнімдеріне сұраныс жоғары екенін атап өтті. Бүгінде зауыт өнімді, тұрақты жұмыс істеп келеді.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
08 тамыз 2020 ж. 528 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930