Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жөндеу ісінің жетекшісі

Жөндеу ісінің жетекшісі

Қазалы вагон жөндеу депосының тарихы тереңде жатыр. Алғаш отарбалар шойын жолда “шапқылаған” тұста-ақ вагон құрастыру, оны жөндеу ісі қатарласып жүрді. Дегенмен вагон жөндеу депосының өзіндік эволюциясы бар. Мәселен, Ұлы Отан соғысы жылдарында вагондар далада, ашық аспан астында жөнделген. Тек 1950 жылдың басында ғана вагондар автотіркегіштермен жабдықтала ­бастады. Бұдан кейін вагон доңғалақтары зауыттардан роликті подшипниктермен шығарылды. Бірер жылдан кейін пойыздардың жүру жылдамдығы 70 километрге дейін жететін болды. Паравоздар «ТЭ-2» типті тепловоздармен ­алмастырылды. Төртбілікті вагондар паркі көбейіп, роликті доңғалақтарды жөндеуде жаңа технологияларды меңгеру талап етілді.
ХХ ғасырдың екінші ширегінде Қазалы вагон депосы №721 клеймосын алып, вагондарға ағымдағы, орта, күрделі жөндеуді жүргізуді жолға қойды. Талапты, оқу-білімге құштар қазақ азаматтары біліктілігін арттырып келген соң отандық кадрлерді теміржол жөндеу жұмысына үйрете бастады. Дүйсембай Өтегенов, Сырлыбай Бәкімбетов, Бершүгір Абажанов, Бақыт Әбжалиев, Ермағамбет Бекмамбетов, Әбдімұрат Шенеусізов, Нұрылда Сартов, Көпболсын Сейтниязов сияқты мамандар шеберлігімен көзге түсіп, бірқатары басшылық қызмет атқарды.
Қазалы вагон депосының жаңа кезеңі ел тәуелсіздік алған жылдары ­басталды. 1991 жылдың соңына қарай бұрынғы одақтас республикалардың аумағындағы теміржолдар жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қол астына өтіп, олардың меншігіне берілді. Соған орай біртұтас вагон шаруашылығы да ыдырады. Осыдан соң 1993 жылы барлық жүк вагондары кеңестік дәуірден кейін пайда болған ТМД елдерінің арасында бөліске салынды. Нәтижесінде 1993 жылдары Қазақстан вагондарының инвентарлық паркі 105 мыңға жетті. Қазіргі таңда Қазақстанның дербес паркінде 34 мың вагон бар. Қазалы вагон жөндеу депосы алғашында «Қазалы-Болашақ» өндірістік кооперативі болып, кейін «Қазалы-Келешек» серіктестігі аталды. Бүгінде жұртшылық мекемені «Қамқор вагон» серіктестігінің Қазалы вагон жөндеу депосы деп таниды.
Алайда 2001 жылы “Қазақстан темір жолы” РМК-ның «Құрылымдық бөлімшелерін тарату» туралы бұйрығына байланысты вагон депосы жойылып, таратылғанын көп адам біле бермейді. Кейін нарық жағдайында тиімді жұмыс істеу үшін құрылтайшылар жиналысының шешімімен «Қазалы-Болашақ» өндірістік кооперативі болып ашылды. Араға жыл салып өндірістік кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының хаттамасы бойынша «Қазалы-Келешек» өндірістік кооперативі болып қайта құрылды. 2004 жылы «Қазалы-Келешек» серіктестігі болып өзгертілсе, 6 жылдан кейін «Қамқор вагон» ЖШС-ның Қазалы вагон жөндеу депосы филиалы болып жасақталды.
Тарихы тереңде жатқан депоны бірнеше жыл қатарынан Әзімжан Әліпбаев басқарып, өндіріс орнын толағай жетістіктерге жеткізді. Тәжірибелі маман зейнет жасына жеткеннен кейін орнына вагон шаруашылығының инженер маманы, жөндеу цехтарында шыңдалған Талғат Әзімжанұлы Әліпбаев басшылыққа тағайындалды.
Жаңа технологияларға байланысты білімін толыстырған жас маман Талғат Әзімжанұлы депоға жаңа леп әкелді. Ол көбіне тәртіп, тазалық пен жауапкершілікті басты назарда ұстайды. Қызметкерлердің біліктілігі мен техникалық интеллектуалын ескеріп, ұйымдасқан жүйелі кадр жасақтай білді.
Соның нәтижесінде 2005-2010 жылдар аралығы Қазалы вагон жөндеу депосы үшін толағай табыстың жылы болды. Вагон жөндеу ісі жүйелі жолға қойылып, жұмыс орнының материалдық базасы ұлғайып, қосымша штаттар бөлінді. Осы тұста сапасы сын көтермей тұрған мекеме шатыры жаңартылғанын айта кеткен жөн. Мекеме ауласында жұмысшылар демалатын субұрқақтар, гүлдер бақшалығы, демалыс үйшігі, көркем бильборттар, депо тарихымен таныстыратын аллея салынып, жүйелі жұмысқа жарасымды жағдай жасалды. Қазалы вагон жөндеу депосы айрандай ұйыған ауызбіршілік пен тындырымды тірліктің арқасында қазақ теміржолы бойынша «Үздік ұжым» аталды. Бұл аз десеңіз «Үздік басшы», «Үздік ұжым», «Үздік шебер» номинациясы бойынша марапаттауларға ие болды. Талғат Әзімжанұлының бастамасымен мекеме ішінде “Өлі разы болмай, тірі байымайды” деген тәмсілді бетке ұстап, ұзақ жылдар бойы осы салада аянбай тер төккен азаматтарды ұлықтайтын, бұрынғы технологияларды ерекше еске салатын теңдессіз мұражай жасақталды.
Креативті, жаңашыл басшы 2010 жылы теміржолшылар күні мерекесіне орай ел астанасында ҚР Көлік министрлігінің салтанатты жиналысында не бары 36 жасында «Құрметті теміржолшы» атанып, аудан абыройын асқақтатты.
Қазіргі таңда қазалылық 170 жұмысшы осы жерден нәпақаларын айырып, отбасын асырап отыр. Олардың әрбірінің басында болып жатқан қуаныш, қайғылы жағдайлардың барлығын мекеме басшылығы назардан тыс қалдырмайды. Мүмкіндігінше қаржылай, материалды көмектер қарастырылады.
Вагон жөндеу ісінде слесарьлардың, токарь мен электргазбен дәнекерлеушінің еңбегі зор. Сонымен бірге фрезеровшілер мен бұрғылаушыларсыз іс бітпейтіні белгілі. Осы мамандардың еңбекке деген адалдығы мен жанашырлығының арқасында жүк тауарлары уақытылы мәреге, жолаушылар дін аман діттеген жеріне жетіп жүр. Халықтың шынайы құрметіне лайықты шойын жолда шыңдалғандар еңбегі әрқашан үлкен қошеметке лайық.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
31 шілде 2020 ж. 1 151 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930