Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы айырбастау пункттері ассоциациясы доллар сатуды тоқтату туралы қауесеттерді жоққа шығарды

Қазақстандағы айырбастау пункттері ассоциациясы доллар сатуды тоқтату туралы қауесеттерді жоққа шығарды

Фото: pixabay.com
Қазақстандағы кейбір айырбастау пункттері қолдағы бар АҚШ валютасын биржадағы тиімдірек бағамды күтіп, сатуды тоқтатты деген ақпарат 5 желтоқсан таңертең тарай бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қауесеттерді Қазақстан айырбастау пункттері ассоциациясының президенті Арчин Галимбаев жоққа шығарды.
"Кейбір айырбастау пункттері туралы айтсақ – бәлкім, шағын қалаларда шетел валютасының физикалық “қоректенуі” болмай қалуы мүмкін. Ал ірі қалалар – Алматы, Астана мен Шымкент туралы сөз болса, қауесетті теріске шығарғым келеді. Қолма-қол валюта бойынша ешқандай проблемалар жоқ! Біреулердің айтқандары – жай ғана арандатушылық!" – деді ассоциация басшысы.
Алдыңғы күні құлдырауын жалғастырған доллар 500 теңгелік психологиялық межеден төмен түскен еді. Алайда жұма күні ол қайта нығайып, өз позициясын күшейтті. KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар шамамен 505 теңге деңгейінде болды.
Салалық ассоциация бір күн бұрын америкалық валютаға аномалды сұраныс болғанын растайды.
Бірақ айырбастау пункттері бұл сұранысты қанағаттандыра алған. Дегенмен кейбір форс-мажорлық жағдайлар орын алған.
"Егер кейбір айырбастау пункттерінде валюта тапшылығы байқалса, бұл логистикамен байланысты мәселелер. Жарты сағат, бір сағат ішінде бұл тапшылық толық жабылды. Айырбастау пункттері үшін кез келген “қозғалыс” тиімді, бірақ соңғы уақытта халық бұрынғыдай белсенді реакция танытпайтын болды", – деп түсіндірді Арчин Галимбаев.
Еске салайық, бұған дейін 4 желтоқсан, 15:30-дағы сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 499,65 теңгеге дейін түсті. KASE биржасында америкалық валюта 500 теңгелік межеден төмендеген. 15:38-де MIG айырбастау пункттерінде долларды сатып алу – 502,1 теңге, сату – 504,7 теңге болды.
06 желтоқсан 2025 ж. 110 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 143

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 105

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031