Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның магистральдық желісінде жүрген «Тұлпар-Тальго» вагондары 200-ге жетті

Қазақстанның магистральдық желісінде жүрген «Тұлпар-Тальго» вагондары 200-ге жетті

Индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған кәсіпорын «ҚТЖ» ҰК» АҚ паркін заманауи жолаушылар вагондарымен қамтамасыз етіп отыр.

Зауыт 2016 жылы кең шанақты вагондарды шығаруды бастады. Атап өтерлігі «Тұлпар-Тальго» вагонының ені 3,2 метр болғандықтан купенің іші де кең, вагондарға өтуге де ыңғайлы, вагон-мейрамхана, вагон-кафе үлкейтілген. «Тұлпар-Тальго» ЖШС шығарған барлық вагондар қауіпсіздік стандарттарының сертификатына ие.

«Біз бұған дейінгі 2012-2015 жылдары біз 436 «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарын шығару жөніндегі келісімшартты толығымен орындадық. 2016 жылдан бастап, жаңа келісім бойынша 2023 жылға дейін «Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушылар вагондарының 603 данасын шығаруды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде олардың 178-і зауыттан шықты»,-дейді «Тұлпар-Тальго» ЖШС өндірістік директоры Владимир Киселев.


«Қазіргі заманауи технологияларды пайдалана отырып, «Тұлпар-Тальго» вагондарымен сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдықпен жүруге болады. Бұл өз кезегінде пойыздардың жолда жүру мерзімін екі есеге дейін қысқарта алады. Ол арқылы ҚТЖ-да басталған жүрдек пойыз қозғалысы бағдарламасын табысты жүзеге асыруға қызмет етеді»,-деп атап өтті В. Киселев.«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазірдің өзінде Қазақстанның барлық ірі қалаларына «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған жылжымалы құрамы қатынайды.

«Тұлпар-Тальго» зауыты Қазақстанның теміржол көлігі машинасын жасау кәсіпорындарының ішіндегі көш бастаушыларының бірінен саналады. Мұнда қазір 200 инженер-технолог қызметкерлер жұмыспен қамтылған. Зауыт толық қуатында қызмет еткен кезде 360 жұмыс орны ашылады.

Еңбеккерлер мен мамандар «Patentes Talgo S.L.» компаниясы арасындағы келісім аясында испандық зауыттарда тәжірибесін шыңдайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Patentes Talgo S.L.» испандық компаниясы арасындағы келісім аясында «Тұлпар-Тальго» ЖШС алдында «ҚТЖ» ҰК» АҚ жолаушылар вагоны паркін жаңғыртудың маңызды міндеті тұр.

Сонымен қатар испандық технологияны Қазақтанға кезең-кезеңімен өткізу үдерісі де, қазақстандық тараптың кадр дайындау мен техникалық қамтылуына мол ықпал етеді.

05 қаңтар 2018 ж. 2 655 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930