Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйтеке би кентіндегі "Қарамай көлдің" аумағы тазаланды

Әйтеке би кентіндегі "Қарамай көлдің" аумағы тазаланды

Әйтеке би кентінің 5 квартал аймағында жергілікті тұрғындар «Қарамай көл» атап кеткен жер бар. Жыл сайын көктем келіп, күн жылынысымен бұл аумақ қоқысқа толып қалады.
Бүгін аталған аумаққа аудандық жер қатынастары бөлімі, теміржол ауруханасы және «ТЭК Батыс» ЖШС тазалық жұмыстарын жүргізді. Мекеме қызметкерлері оңды-солды шашылған қоқыстарды жинап, айналаны ретке келтірді. «Арал Отын» ЖШС-ның арнайы техникасымен үйілген тұрмыстық қалдықтар жинастырылды.
Сондай-ақ, бүгін аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебайдың басшылығымен Әйтеке би кентіндегі 5 квартал аймағына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тазалық акциясына аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі және «Қазалы Тұлпар» ЖШС, «Қазалы су сервис» ЖШС, «Нұрас и К» ЖШС, №165, №276 мектеп пен Қазалы көлік-техникалық колледжі, Қазалы вагон пайдалану депосы мен Қазалы вагон жөндеу депосының қызметкерлері бірауыздан қатысып, көшелер мен қазақ қорымының айналасын қоқыстан арылтты.
"Қазалы" ақпарат
12 наурыз 2020 ж. 1 109 0

Халық саны артты

09 ақпан 2025 ж. 168

Жаңа тағайындаулар

09 ақпан 2025 ж. 230

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728