Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маска бағасы 85 теңгеге дейін арзандатылды – Ведомствоаралық комиссия

Маска бағасы 85 теңгеге дейін арзандатылды – Ведомствоаралық комиссия

Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешім қабылданды.

Бір рет қолданылатын үш қабатты медициналық масканың бөлшек саудадағы шекті бағасы 118 теңгеден 85 теңгеге дейін, яғни 28%-ға арзандатылды; Отандық өндірістің көлемін ескере отырып, бүгінгі күні өңірлерде дене қызуын түсіретін және бактерияға қарсы препараттардың айлық қоры қалыптастырылды.
Қазақстан Республикасына дәрілік заттардың 3,5 млн орамасы жеткізілді, олар өңірлер арасында бөлініп, таратылады. Осы аптада қажетті қосымша дәрілік заттарды жеткізу ұйымдастырылады; Белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталмауына байланысты Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне карантин режимінің анықталған бұзушылықтарын жоюға бағытталған барлық шараларды қабылдай отырып, мобильді топтардың жұмысын күшейту тапсырылды (жеке тұлғаларға - 30 АЕК, заңды тұлғаларға 230 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салу көзделген);
Сонымен қоса, стационарлардағы пациенттерді оттегімен қолдауды қамтамасыз ету мақсатында өңірлердің әкімдіктері шұғыл түрде 2600-ден астам оттегі концентраты мен медициналық газдарды сатып алуда. «Елде барлық қатаң шектеу шаралары қабылданды. Енді барлық қоғамдық қозғалыстардың әлеуетін тарта отырып, еліміздің әр ауданының, ауылы мен ауласының әрбір тұрғынына карантин режимін сақтау қажеттігі туралы ақпаратты сапалы жеткізу қажет», - деп түйіндеді Е. Тоғжанов.

14 шілде 2020 ж. 734 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031