Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 20-21 маусым күндері жаңа шектеулер енгізіледі

Қазақстанда 20-21 маусым күндері жаңа шектеулер енгізіледі

Қазақстанда 20-21 маусым күндері шектеу шаралары күшейтіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгін үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. Жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі қосымша шаралар қаралды. Елдегі санитарлық — эпидемиологиялық жағдай туралы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Л. Ақтаева, өңірлердегі жағдай туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, Қарағанды облысының әкімі Ж.Қасымбек, Ақмола облысының басшысы Е. Маржықпаев, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев баяндады.
Қазақстанның бірқатар өңіріндегі эпидемиологиялық жағдайдың асқынуын және коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың өсуін ескере отырып, ВАК ағымдағы жылғы 20-21 маусым — демалыс күндері қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. Сонымен 20-21 маусым — демалыс күндері:
1) Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалалары бойынша:
- сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да базарлардың қызметі тоқтатылады;
- қоғамдық тамақтану орындары тек далада әрі әлеуметтік арақашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс;
- қоғамдық көліктердің қызметі шектеледі;
- қоғамдық демалыс орындары: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктердің қызметі тоқтатылады;
- фитнес-орталықтарының қызметі тоқтатылады;
- 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектеледі.
2) Тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын елді мекендер бойынша: - қоғамдық орындардың: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктердің жұмысы тоқтатылады;
- 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектеледі. 3. Өңірлердің бас санитарлық дәрігерлердің қаулысына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруге тыйым салынады. Ал аталған аймақтардағы адамдар – әлеуметтік қашықтықты сақтауы қажет.
Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне қысқа мерзім ішінде мына мәселелерді пысықтауды тапсырды: медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халықты ПТР-тестілеумен қамтуды кеңейту; ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындар санын көбейту;
меншік нысанына қарамастан, өңірде бар ресурстарды тарта отырып, науқастарды КТ-зерттеумен қамтамасыз ету; жедел медициналық жәрдем станцияларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету; үйлерінде жатқан пациенттерге амбулаторлық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылау жасау (қашықтан, мобильді бригадалардың көмегімен); халыққа белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Айта кетейік, 17 маусым күні елде коронавирус жұқтырудың тағы 335 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 диагнозы расталғандар саны 15 877-ге жетті.

18 маусым 2020 ж. 738 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930