Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Теміржол билеттері 15 мамырдан сатыла бастайды

Теміржол билеттері 15 мамырдан сатыла бастайды

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздарының жүруін қайта бастау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Жолаушылар пойыздары халықтың сұранысын ескере отырып, 2020 жылғы 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүзеге асырыла бастайды. Атап айтқанда, бастапқы кезеңде 54 пойыз іске қосылады.
– Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалық, Павлодар, Петропавл/Қызыл Ту, Орал, Жезқазған, Қызылорда;
– Алматы – Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған, Урлальск, Петропавл;
– Қызылорда – Семей;
– Қостанай – Қарағанды, Арқалық, Алматы;
– Қарағанды – Жезқазған;
– Қызылорда – Көкшетау, Петропавл және қала маңы қатынастары бағыттары бойынша. Жол жүру билеттерін сату 2020 жылғы 15 мамырдан басталады.

Жолаушыларды және пойыз бригадасын барынша қорғау үшін тасымалдау Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің ұсынымдарына сәйкес, сондай-ақ келесі шараларды сақтай отырып жүзеге асырылатын болады:
1) дене температурасын өлшей отырып, пойыз бригадалары қызметкерлерін рейс алдындағы медициналық тексеру;
2) жолсеріктердің және жолаушылардың жол жүру жолында міндетті түрде бетперделермен болуы;
3) отырғызу және түсіру кезінде қашықтықты сақтау;
4) жүру жолында вагондардың ішінде ылғалды тазалау жүргізу мерзімділігін арттыру және қалыптастыру пункттерінде дезинфекциялау;
5) жолаушылардың пойыз құрамы вагондарының арасында жүруіне және объективті себептерсіз купеден шығуына тыйым салу.

14 мамыр 2020 ж. 1 230 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 138

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 105

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 114

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031