Есмағамбетова коронавирус пен пневмонияның айырмашылығын айтып берді
ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова пневмониямен ауырғандардың көбінде коронавирусты анықтайтын ПТР тесттер теріс нәтиже көрсетіп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бас санитарлық дәрігердің сөзінше, пневмониядан көз жұмғандар саны былтырғымен салыстырғанда ешқандай өзгеріске түспеген. Алайда, науқастардың басым көпшілігінде пневмония коронавирус инфекциясынан туындауы мүмкін. Дегенмен, вирус төмен түскен кезде оны анықтау мүмкін емес.
"Шыны керек пневмониядан көз жұмғандар саны былтырғымен салыстырғанда ешқандай айырмашылық байқалмайды. Пневмонияны жұқтыру бойынша айтатын болса, былтырғы жылға қарағанда жұқтырғандар саны 50 пайызға артты. Маусымда 4 есе көбейді. Пневмониямен ауырған науқасты коронавирусқа тексергенде ПТР тест теріс нәтиже көрсетуі қалыпты жағдай. Инфекция жоғарғы демалу жүйесінен төменгі демалу жүйесіне түсіп кетеді. Сондай жағдайда теріс нәтиже көрсетеді. Науқастар ем алу үшін пневмониямен ауырғандардың барлығына коронавирус жұқтырған науқастармен бірдей ем тағайындалып жатыр", - дейді Есмағамбетова.
Сонымен қатар, вице-министр ПТР тест өткізетін мамандар жайлы айтып берді. Олардың жалақысына да тоқталды Есмағамбетова.
"600 адам коронавирусты анықтау үшін тестер өткізіп жатыр. Мемлекет басшысының бұйрығымен тест алушылар 300 мың көлемінде жалақы алады. Бұл мемлекеттік мекемелерде. Жекеменшік мекемелер туралы нақты ақпарат айта алмаймын. Ондай мекемелерде күніне 15 мыңға жуық тест өткізеді", - дейді Есмағамбетова.