Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тұрғын үй құрылысының қарқыны бес жылда алғаш рет төмендеді

Қазақстанда тұрғын үй құрылысының қарқыны бес жылда алғаш рет төмендеді

Қаңтар, ақпан айындағы тұрғын үй құрылысы көрсеткіштері былтырғы екі аймен салыстырғанда 18 пайызға төмен. Ұлттық Банк Президент бастамасымен жүзеге асырылатын жаңа «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша баяулап тұрған құрылыс қарқынын арттырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл қаңтар, ақпан айында 1,9 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 17,6 пайызға аз.
Құрылыс қарқынының баяулап қалуы жекеменшік құрылыс компанияларында көп байқалады. Олардың көрсеткіші бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 21,3 пайызға аз, ал мемлекеттік компаниялар керісінше құрылыс қарқынын баяулатқан жоқ. Олардың көрсеткіші былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 26,6 пайызға жоғары. Сондай-ақ, шетелдік үй салушылар да жұмысын қарқынды жүргізіп жатыр, олардың биылғы көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда 2,3 есе ұлғайған.
Елбасының тапсырмасымен қолға алынған жаңа бағдарлама құрылыс қарқынын айтарлықтай ұлғайтуы мүмкін. Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Әбішұлы «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламаны ұсынды. Бұл бағдарлама бойынша ипотеканың жылдық пайызы – 7 пайыз болса, бастапқы салым – 20 пайыздан басталады, ал ипотекаға беру мерзімі – 25 жыл.
Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша үй салушылар қалаларда 8,8 млн шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа берген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 14 пайызға артық.
28 наурыз 2018 ж. 1 749 0

Қазақстанда күн жылынады

11 наурыз 2026 ж. 180

Қазақстанда күн жылынады

11 наурыз 2026 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031