Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас санитар дәрігер отбасылық отырысқа қай кезде рұқсат берілетінін айтты

Бас санитар дәрігер отбасылық отырысқа қай кезде рұқсат берілетінін айтты

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова отбасылық шараларға рұқсат беруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sputniknews.kz тілшісі.
"Осы сұрақты жиі қояды. Өкінішке қарай, әзірше ондай шараларға рұқсат жоқ. Себебі коронавирус тез жұғады. Мысалы, кеше ғана осы мәселені талқылағанда аймақтарда болған бірнеше жағдайды еске алдық. Ол жақта шектеуге қарамастан, ауызашар жасалған. Сонда болған адамдардан коронавирус табылған", - деді Есмағамбетов бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, әзірше қонақ шақыру және қонаққа баруға шектеу қала береді. Алайда науқастардың саны азайғанда оны да алып тастайды.
"Ол уақыт келеді. Науқастардың күнделікті өсу қарқыны 2 проценттен төмен болғанда, сосын сырттан келетіндерді санамағанда елдің ішінде науқастардың тіркелуі тоқтаса, отбасылық шараларға рұқсат беріледі", - деп атап көрсетті Есмағамбетова.

13 мамыр 2020 ж. 961 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 161

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031