Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Журнализм: Журналистикаға қатысты сленгтер мен жаргондар

Журнализм: Журналистикаға қатысты сленгтер мен жаргондар

Журнализм деп журналистикаға қатысты сленг, жаргон сөздерді қолдануды атайды. Әр саланың өзіне қатысты сөздері болады. Журналистикадағы сленгтердің пайда болу тарихы мүлдем бөлек әңгіме. Balbal.kz мотивациялық сайты журнализмге қатысты материал дайындады.
Журнализм қалай пайда болды?
«Журналист» сөзінің сленгті синонимы «pen-pusher», жазғыш деген мағынаны білдіреді. Ал журнализмді «journalese» деп атайды. Кәсіби мамандар журнализмді қолдамайды, ал жас журналистер ол сленгтерді бірден қағып алып жатыр.
1898 жылы New York World және New York Journal газеттерінің ақпараттық соғысы нәтижесінде «сары журнализм» деген термин пайда болды. Ол атаудың New York World-та сары түспен басылған «Сары бала» ақпараттық бюллетеніне тікелей қатысы бар. Сары журнализм бұл – көп оқырмандарды тарту үшін сенсациялық жаңалықтар таратып қызықтыру әрекеті.
Журналист сленгтері
attribution – сілтеме;
banner – тақырып;
beat – сенсация;
break – танымал жаңалық;
bright – қысқа әрі қызықты оқиға;
bulldog – бұрынғы басылым;
crony journalism – журналистің жақыны не танысына қатысты жаман жаңалықты елемеу;
dateline – мақаланың жазылған мерзімі;
hard news – жағымсыз жаңалық;
investigative reporting – журналистік зерттеу;
lead – мақаланың тақырыпшасы;
makeup – дизайн;
morgue – газет кітапханасы;
press release – ресми хабарлар;
verification – ақпаратты тексеру.
Сленг эммиграциясы
Соңғы кездері ағылшын тіліндегі сленгтер орыс тіліне еніп жатыр. Мұнда журналист блогосферасындағы кейбір жаргон сөздер мысал келтірілген:
Джинс ету – түрлі мақсаттарға жету үшін жасалатын лас пиар.
Свун (ағылшынша «swoon» (талу) сөзінен шыққан) – эмоционалды жағдай, шектен тыс эмоцияға берілу.
Юпик (ағылшынша «user picture» сөзінен шыққан) – сайтқа жүктелген пайдаланушының суреті немесе аватар.
Newsmaker (ағылшынша «news maker» сөзінен) – жаңалықты жасайтын/шығаратын маман.
Журналистке арналған пайдалы 6 сайт
Журналистикадағы жаңалықтан құр қалмас үшін әрдайым ізденісте болу керек. Ол үшін ағылшындардың журналистік ортасына еніп көріңіз.
Journalistsresource – бұл журналистік этиканы және БАҚ қызметкерлерінің кәсіби қасиеттерін дамытуға бағытталған жоба.
Factcheck.org сайтта жарияланған жалған жаңалықтарды әшкерелейді. Егер танымал бұқаралық ақпарат құралдарында расталмаған/өтірік мәліметтер жарияласа, онда фактілерді тексеретін репортерлар ақиқатын анықтайды.
Қазақстандық журналистер осының баламасы ретінде factcheck.kz сайтын ашты. Күмән тудырған ақпараттарды осы сайтқа жіберіп, тексеруге болады.
Poynter.org – формасы мен құрылымы бойынша бұл сайт газет немесе телеарна сайтына ұқсас. Жаңалықтар мен зерттеулер осында жарияланады. Бірақ әлемдегі оқиғалар туралы емес, журналистиканың өзі туралы баяндалады.
Journalism.org – медиа және оны адамдар қалай қабылдайтыны, оларға қалай әсер ететіні туралы ақпарат беретін ресурс. АҚШ медиасына баса назар аударылады.
Journalists.org – бұл Online News Accosiation ұйымының сайты. Олардың ұрандары –connecting journalism, technology and innovation( журналистиканы, технология мен инновацияны біріктіреміз).
Дайындаған: Қырмызы Скендирова
balbal.kz
14 маусым 2020 ж. 1 004 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031