Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рухты асқақтатар Рәміздер

Рухты асқақтатар Рәміздер

Мемлекеттік рәміздер – елдің елдігін танытатын басты құндылықтың бірі. Кеше Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік шара өтті. Салтанатты шараның шымылдығы еліміздің Гимнімен ашылды. Одан кейін аудан мектептерінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері ортаға Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаны және Гимнді алып шықты.
Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов мемлекеттік рәміздер егемендігіміздің басты нышаны, Тәуелсіздігіміздің тірегі екенін жеткізіп, қазалылықтарды мерекемен құттықтады.
– Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Ондағы мазмұнды нышандар кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Олар Елбасының сындарлы саясаты негізінде қолға алынған құндылықтарды жүзеге асырады. Бұл – ашықтық, бейбітшілік, еркіндік, тәуелсіздік және келісім. Сондықтан да, мемлекеттік рәміздер әрбір қазақстандық азаматтар үшін де, өскелең ұрпақ үшін де аса зор құндылық болып табылады. Мемлекет басшысы «Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды жүрегіне жөргектеу» деген болатын. Расында да өз Отанына деген шексіз махаббат пен шынайы патрио­тизм болмайынша, нағыз азамат, нағыз адам болу мүмкін емес, – деді Әлімжан Мұратбайұлы.
Мерекелік шара концерттік бағдар­ламаға ұласты. Аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары мен өзге де өнерлі жандар, қазалылық жас әншілер өнер көрсетіп, патриоттық әндерді шырқады.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
05 маусым 2018 ж. 3 618 0

Есірткі атты жау

15 қаңтар 2025 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031