Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тротуар жайы титықтатып тұр

Тротуар жайы титықтатып тұр

Қазалы ауданы жыл өткен сайын дамып, көркейіп келе жатқанын айтудан жалықпаймыз. Өйткені көзге көрінер жұмыстар жүріп, экономиканы арттыратын жобалар мәресіне жетіп жатқанын көріп жүрміз. Дегенмен көңіл бөлуді қажет ететін сала көп болғандықтан кейбір келеңсіз, назардан тыс қалып жатқан күн тәртібіндегі мәселелер жетерлік. Соның бірі – жаяу жүргіншілер жолы.
Бүгінгі таңда орталықтағы бірнеше көше ғана тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына жарамды. Оның өзінде орталықты қиып өтетін Р.Бағланова көшесінің жартысы, адам көп жүретін А.Байтұрсынов сияқты қоғамдық маңыздағы көше бойында жаяу жүргіншілерге арналған тротуар мүлде қарастырылмаған. Бұл инфрақұрылымы мен құрылысы келіскен аудан үшін үлкен сын.
Жақында Жалаңтөс батыр көшесіне асфальт төселіп, көлік жүргізушілерінің төбесі көкке бір елі ғана жетпеген еді. Бірақ ол бүгінде сол маңдағы тұрғындар мен жаяу жүргіншілердің ызасын тудырып отыр. Неге десеңіз, тегістігінен “шыбын таятын” жолда көліктер жылдамдықты шамадан тыс асырады. Мұнда тротуарды айтпағанда, жиектеп жүретін жол тарлық етеді. Соған қарап жауаптылар асфальт төсеуді жоспарлағанда бұл көшемен де жаяу адамдар жүретінін естен шығарып алғанға ұқсайды. Оның үстіне велосипед мінген бала да, доп теуіп, ойын қуған бүлдіршін де көлік жолында алаңсыз жүр. Табиғат тосын мінез көрсеткен күндегі Жалаңтөс батыр көшесіндегі қозғалыс мүлдем қиын. Оны көзбен көру керек.
Жыл сайын аудан бюджетінің ауқымы артып тұрғанын білеміз. Соған сай келер жылы жасалатын жұмыстардың жоспары құрастырылады. Шенділердің салық саласына кірісті арттыру керектігі туралы әңгімесінің түгесілмейтіні де сондықтан. Хош. Ел мүддесі жолында үшін жасалатын игі істердің халық салығына аузын ашып тұрғаны әмбеге аян. Десек те биыл аталған мәселеде алға жылжу байқалмайды. Өйткені өткен жылы бірнеше көшеде жаяу жүргіншілер жолы жасақталса, бүгінде бір ғана көшеге тротуар төселуде. Оның өзі жаяу жүрген адамға басынан аяғына дейін небәрі он минутта таусылып қалатын Жанәділов көшесі. Осындайда жауаптылар есеп үшін көп жұмысты қажет етпейтін, тез бітетін және қомақты қаржы іздеуге мәжбүрлемейтін шаруаны таңдап алатындай көрінеді. Оған қоса бірнеше жыл бұрын жөндеу көрген көшелердің сапасы сын көтермей қалған жағдайда, оны жасаған мердігерге қайта жөндету де тиімді секілді. Әйтпесе бірнеше жыл бұрын ғана жөндеуден өткен Р.Бағланова көшесі биыл неге “ойдым” күйге қайта түседі? Оның сапасына жауап беретін құрылыс компаниясына шенділердің құзыреті жүрмей ме?
Бұл мәселеге құзырлы орындар құлақ түріп, жауап қатады деген сенімдеміз.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
30 мамыр 2020 ж. 874 0

КӨПКЕ ҮЛГІ АРДАГЕР

08 сәуір 2025 ж. 109

ӘЛЕМ ӘБІГЕР ҮСТІНДЕ

08 сәуір 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930