Отызға жуық көше жөндеуден өтеді
Жол азабын жүрген біледі. Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентіндегі көшелердің жыл өткен сайын келбеті артып келе жатқанына жұрт риза. Дегенмен жөндеу көрсе де жүзі тегістелмейтін жолдарға, оның құрылысын жүргізген мердігерлерге, сондай-ақ жұмысты қабылдап алатын мекемелерге тұрғындардың өкпесі де естіліп қалады. «Жақсылықтың ерте-кеші жоқ» дегендей биыл кент әкімшілігі мамандары бірден 28 көше жөнделіп, 19 көше асфальтталатынын, жыл аяғына дейін пайдалануға берілетінін жеткізді.
Нақтырақ айтсақ, биыл Әйтеке би кентін абаттандыруға бюджеттен 128 млн 831 мың теңге бөлінген. Осы қаражаттың 12 миллион 121 мың теңгесі Әйтеке би ескерткішінің аумағын абаттандыруға, көркейту-көгалдандыру мен жаяу жүргінші жолын салуға бағытталған. Көше бойындағы жол белгілері мен ескертпелер жаңартылады. Сонымен қатар 6 миллион 831 мың теңге Қ.Ерімбет көшесіндегі №86 (48 пәтерлі) тұрғын үйдің ауласын абаттандыру мақсатында жұмсалады деп жоспарлануда. Тағы 3 миллион 174 мың теңге Я.Михайлюк көшесіндегі №4, №6 көпқабатты үйлердің ауласын, 3 миллион Жетес би ескерткішінің алаңын әрлендіруге бөлінген. Сәйкесінше, аталған көпқабатты үйлер ауласына қоғамдық әжетханалар мен кәріз суын төгетін орындар салынуда. Бұл аз десеңіз қазіргі кезде 5 квартал аймағындағы тұрғындардың өтініші ескеріліп, екі бірдей жаңа жасыл алаңның құрылысы басталады деп күтілуде.
Кенттегі өзекті мәлелердің бірі – аялдамалар мен түнгі жарықшамдардың кемшілдігі еді. Бұл қиындықтар да аздаған уақыттан кейін ұмытылмақ. Өйткені қазірдің өзінде аудандық аурухана маңы, Жанқожа батыр, Қобыланды батыр, С.Мұқанов, Я.Михайлюк, Ш.Айманов және Т.Бокин көшелеріне жаңа аялдама орналастыру жоспарланған. Орталықтан шеткері орналасқан көшелер де назарда. Мәселен, Абай, Абай тұйығы мен Жәмет жырау 3,4,5 кварталдарындағы жолдарға көңіл бөлініп, түнгі мезгілде жарықтандыруға күш салынуда. Әзірше Жанаділов көшесіне жаяу жүргіншілер үшін тротуар салынуда. Егер тағы қаржы көздері табылса, бұл істің ауқымы да кеңейетін болады.
Көптің көкейіндегі мәселеге айналған жолдарды күрделі және орташа жөндеуге де 185 млн 698 мың теңге қаралып, бүгінгі таңда әдепкі жұмыстары қолға алынды. Меже бойынша биыл 28 көше жөндеуден өтпек. Оның ішінде үш бірдей көше қайта аударылып, толық жаңартылады. Әкімдіктегілер осы уақытта Қ.Сәтбаев, М.Ғабдуллин, Р.Бағланова көшелерін нысанаға алып отырғандарын мәлімдеді. Қалған 25-ке жуық жол орташа жөндеу көреді. Оның 19-ына қатты жабынды (асфальт) жайылып, 9 жолға қиыршық тас төсеу осы жылдың еншісіне енгізілген.
Сонымен қатар бір қабатты қара төсеніш шақ келмейтін Жанқожа батыр көшесі орташа жөндеуден өткен кезде екі қабатты асфальт жабындысы төселеді. Бұл орталық көшеде жылда пайда болатын шұрық-тесік жағдайынан біржолата құтылады. Енді тек аталған жұмысты жауаптылықпен атқаратын мердігер мекеменің анықталуы тиіс.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ