Тар жолдар тауқыметі
Қайбір елдің даму көрсеткішін бойы көкпен таласқан ғимараттар мен көлік толған көшелерге қарап білуге болады. Бұл халықтың санымен бірге әлеуеті артқанының да көрінісі екені даусыз. Алайда қоғам белгілі бір биікке көтерілген сайын оған жасалатын жағдай да жоғары дәрежені талап етеді. Мәселен, аудан әкімінің тікелей тапсырмасымен көпқабатты үйлер салынып, мұқтаж тұрғындарға берілді. Оған қоса қала мен кент арасын қосу, арадағы жолды төрт жолақты етіп қайта салу ісі қолға алынуда. Бірақ аудан орталығы Әйтеке би кентінің ішкі көшелерінің бүгінгі кейпі көңіл көншітпейді.
Бұған дейін де кенттің тысқары аймақтарын есепке алмағанда орталық көшелердің де сын көтермейтіні айтылып келеді. Бұл мәселеде жауапты сала мамандары көпшілікті сәл сабыр сақтауға шақырды. Өйткені қиындықты шешудің алғы шарттары басталып кеткен-міс. Аудан басшысының өзі Жанқожа батыр сияқты күрделі жөндеуді қажет ететін жолдар биылдан қалмай шешімін табатынын айтты. Десек те біз көтергелі отырған мәселе бұл емес.
Осыдан бірер күн бұрын кенттегі маңдайалды Әйтеке би көшесі бойымен аяңдадық. Қазіргі аудандық білім бөлімі мекемесінің жанынан бастап В.Счастнов көшесіне дейінгі аралықта бірінің ізін бірі қуған көліктер әп сәтте кептеліс жасай қойды. Түс ауа мезгілдегі бұл көрініс көлік ішіндегі жүргізушілердің де, жаяу жүргіншілердің де мазасын қашырғанын байқау қиынға соқпады. Ал аудан тұрғындары жұмысқа асығатын таңғы, түскі, кешкі мезгілдегі қарбалас сәт туралы сөз қозғаудың өзі артық. Әсіресе Біржан сал мен Әйтеке би көшелерінің қиылысына тап келсеңіз ондаған минут уақытыңызды зая жіберуіңіз әбден мүмкін.
Біржан сал көшесінде де көлік қозғалысы қиын. Сауда үйінің алдынан жеңіл көліктерден бөлек жүк машиналарын байқауға болады. Әрине, олардың барлығы жұмыс бабымен, шаруамен жүр дейік. Солай ақтағанның өзінде бұны көше бойымен өткісі келген жүргізушілерге түсіндіріп көріңіз. Бірнешеуін тоқтатып, пікір сұрап едік, келесі тұрған көлік иесінен былапыт естідік. Оған да айып тағу қиын. Себебі айналып өтетін орын жоқ жерде алдыңғы көліктің жолын бөгегеніміз дұрыс болмады. Сонда да бірнеше жүргізушінің ойын сұрап үлгердік.
– Мұндағы жағдайды өзің көріп тұрсың. Сауда орындарының алды толған көлік. Оған базарға келген адамдардың көліктерін қос, тағы жиекке қоя салатындар бар. Бұндайда біз үшін бір аяқжол қалады. Оның өзінде қарсы тараптан келген көлікті қалай өткізіп жібереріңді білмей дал боласың. Сосын кикілжің туады. Осыдан келіп жол-көлік оқиғасы орын алады. Ең болмағанда Әйтеке би көшесімен қиылысатын жерден бастап 500 метрге дейін бір бағыттық жол етіп қойса қайтеді? Жалпы бұндай тар көшеге кәсіпкерлік нысандарын салу қаншалықты орынды? – деді өзін Асқар деп атаған жүргізуші. Деді де аталған сұрақтармен өзімізді тығырыққа тіреді.
Кептеліске толы көшеден полиция бөлімінің қызметкерлерін де байқадық. Олар шама-шарқынша көлік қозғалысын реттеп, техникасын тұраққа дұрыс қоймағандарға ескерту жасап жүр. Бірақ бұндай бір реттік бақылаудан мәселенің шешім таппасын біз де біліп тұрдық. Осы тұста қиындықты еңсерудің бірнеше әдісі ойға орала қойғанын несіне жасырайық? Біржан сал көшесі мен Ақан сері тұйығының қиылысына дейінгі аралыққа жоғарыдағы жүргізуші ұсынғандай бір бағытты қозғалыс екенін айшықтайтын белгі қойылса... Бұдан Әйтеке би көшесіндегі кептелістің біршама азаяры сөзсіз.
Көлік қозғалысында қиындық бар аумақ ретінде А.Байтұрсынов көшесін де атауға болады. Базынасы Ақан серідегі мәселеге ұқсас. Әйтеке би мен аталған көшенің жанасатын тұсында жаяу жүргіншілер жолағы белгіленгенін немесе жоғын білу қиын. Өйткені көлік қозғалысын реттейтін белгі қойылмаған. Бұл жермен күніне жүздеген адам өтетіндіктен қауіп жоқ деуге әсте болмайды. Осы маңдағы мейрамханада той-жиын болған сәтте кептеліс ондаған метрге ұласады. Ондайда айналма жолды бағытқа алудан басқа оңды амал жоқ.
Бұдан соң мектеп оқушылары көп жүретін Желтоқсан көшесіндегі жағдайға да көз жеткіздік. Мұнда да таң атысымен балаларын мектепке жеткізушілердің темір тұлпарынан көз сүрінеді. Желтоқсан көшесінде де көлік жолына кептеліс жасайтын балалар. Өйткені жаяу жүргіншілерге арналған жол жоқ. Әсіресе жауын жауған күндері жүйіткіген көліктер оқушылардың киімін малмандай су етіп, батпаққа “батырғанын” талай мәрте көрдік. №266 мектеп-лицейдің алдында қос бағыттағы көлік қатар жүргенде жанұшыра қашқан балалардың жағдайы тіптен аянышты. Бұған дейін аталған аумақ жасанды бөгеттермен қоршалып, балалар алаңсыз үй мен мектеп арасын тоздыратын. Кейін қоршау, неге екенін қайдам, алынып тасталды.
Қалай десек те табиғи құбылыстан, өлкенің дамуынан туындаған қиындықтарды шешу белгілі бір салаға міндеттеледі. Бұған дейін аталған жайт құзырлылар назарына ілікпеген болса олқылықтың орнын толтыратын кез келді. Өйткені апат айтып келмейтінін ескерсек, аталған аумақтарда адамдар денсаулығына зиян келіп, көліктер қақтығысы орын алуы бек мүмкін. Ал өркениетті елде болуы мүмкін тосын оқиғаның алдын алу кезек күттірмейтін мәселе саналады.
Осыған байланысты аудан әкімдігінің баспасөз хатшысына хабарласқан едік. Ол аталған мәселе байланысты кент әкімі тиісті салаға ұсыныс хат жолдайтынын айтты. Ол үшін алдымен Жанқожа батыр көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек. Содан кейін Әйтеке би мен аталған көшені бір бағытты жол етуі мүмкін. Сондай-ақ биыл тек Жанәділов көшесіне ғана қаржы бөлініп, жаяу жүргіншілер жолы салынатынын жеткізді.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ