Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кеткендердің дені - балалар

Қызылордада көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кеткендердің дені - балалар

Соңғы жылдары Қызылорда қаласында ересек азаматтар мен балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлау оқиғасы жиі орын алады. Балдырғандармен болған қайғылы жағдайлардың дені - ата-аналардың бақылауынсыз қалуында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, 2017 жылы - 3, 2018 жылдың бес айында 2 бала терезеден құлап кеткен. Олар әртүрлі жарақатпен емдеу мекемелеріне жатқызылған. Зардап шеккендердің негізгі бөлігі - 2-7 жас аралығындағы балалар. Сондай-ақ, олардың қатарында ересектер де кездеседі.
Биылғы сәуір айында 7 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетсе, мамырда 22 жастағы азамат та осындай жағдайға ұшыраған.
«Статистикаға сүйенсек, балалармен қайғылы жағдайлардың көбісі ата-ананың қарауынсыз қалуынан немесе олардың салғырттығынан орын алады. Ойын баласының кез келген нәрсеге әуестеніп, қолды-аяққа тұрмай, мазасыз күйде болатыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан сәбидің өміріне қауіп төнбес үшін, оның әр қадамына абай болған абзал», - дейді Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің аға инженері Тимур Еркебаев.
Мамандардың айтуынша, еңбекке жарамды азаматтар арасында мұндай жағдайларға көбіне құрылыс мамандары ұшырайды. Егде жастағы азаматтар үшін құлаудың салдары өте ауыр.
Әділжан Үмбет
Kazinform.

07 маусым 2018 ж. 1 313 0

Әлімжеттіктің әлегі

11 қазан 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031