Қашықтан оқыту қалай жүзеге асады?
Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары тоқсандық каникулға бір апта ерте шықты. Әне-міне дегенше демалыс та бітіп, төртінші оқу тоқсаны басталды. Балалар бұрынғыдай емес қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Осы орайда онлайн оқудың машақаты мен қашықтан білім алудың қиындығы бар ма? Оған біздің оқушылар дайын ба? Аудандық білім бөлімінің мамандарымен жолығып, көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап іздедік.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Бектұр Қали: «Қазақстан Республикасында коронавирус пандемиясына орай төтенше жағдай жариялануына байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 01.01.2020 жылғы №123 бұйрығына сәйкес 2019-2020 оқу жылының ІV оқу тоқсаны, яғни, 6 сәуір мен 22 мамыр аралығында оқу процесі орта білім беру ұйымдарында қашықтан оқыту технологиясы арқылы жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін қашықтан оқыту екі тәсілмен жүргізіледі. Бірінші, оқушылар «Балапан» арнасынан бейнесабақтар көру, мүмкіндігіне қарай электронды күнделік немесе WatsApp желісін пайдаланып, кері байланыс жасау арқылы білім алмақ. Ал екінші тәсіл аудан орталығынан шалғай орналасқан, интернет желісіне техникалық себептерге байланысты қосылуға мүмкіндігі жоқ елдімекендерде алдын ала дайындалған сабақ жоспары арқылы қағаз тасымалдағышта жүргізіледі (пошта бөлімшелері немесе қолма-қол)», – дейді.
Бүгінге дейін әр мектеп қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша сараптама жасап, техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, қай формада және қалай өткізу керектігіне орай шешім қабылдаған. Педагогтар мен білім алушыларға бейнесабақтар интернет желісі арқылы барлық пайдаланушылардың еркін қол жеткізуі үшін видеохостинг жүйелері мен білім беру интернет ресурстарында орналастырылған. Барлық білім беру деңгейлеріндегі пәндер бойынша телеарнада сабақ берудің эфирдегі уақыты Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін болады. Сонымен қатар ТД трансляциялауға арналған 1-11 сыныптардың оқу пәндері анықталып, ТД сабақтарының республика бойынша бірыңғай сабақ кестесі әзірленіп, бекітілді. ТД сабақтың құрылымының ұзақтығы – 10 минут.
– Аудандағы білім беру ұйымдарының қашықтан оқытуға көшуге байланысты білім бөлімінің іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Денсаулығына байланысты үйден оқитын балалар мен мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілеріне де қашықтан оқыту жүйесі бойынша оқу процесі жүргізілетін болады. Білім беру ұйымдарында білім алып жатқан білім алушылардың қашықтан оқыту үшін қажетті электронды құрылғылары мен олардың интернет желісіне қосылу мүмкіндігіне байланысты мониторинг жүргізілді. Үй жағдайында қашықтықтан оқыту үшін қажетті электронды құрылғылармен қамтамасыз етіліп, мобильдік, «Қазақтелеком», «Транстелеком» провайдерлері арқылы интернет желісіне қосылды. Аудан орталығынан шалғай орналасқан, интернет желісіне қосылу мүмкіндігі жоқ елді мекендердегі білім алушылар «Балапан» телеарнасы және алдын ала дайындалған сабақ жоспары арқылы қағаз тасымалдағышта жүргізілетін болады, – деді білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ерлан Өтепбергенов.
Сонымен бірге аудандық білім бөлімі мен барлық мектептерде қашықтан оқыту технологияларын енгізуге орай ата-аналар мен оқушыларға қашықтан оқытуды ұйымдастыруға байланысты электронды құрылғыларды пайдалану, үй тапсырмаларын алу, кері байланысты орнату және тағы басқа сұрақтарға Call-орталықтары ашылған. Осыған байланысты кез келген мәселеге арнайы бекітілген жауапты мамандар жауап береді.
Қалай болғанда да, оқушылар 6 сәуірден жаңа жүйе бойынша білім алуға көшті. Мұның аясында әлі талай сын-ескертпе айтылатыны заңдылық. Сан түрлі кемшіліктің болатынын министрлік те жасырмайды. Бастысы – оқушылар білім алудан қол үзбеуі тиіс.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА