Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 сәуірден «Balapan» телеарнасында мектеп оқушыларына бейнесабақтар көрсетіледі

6 сәуірден «Balapan» телеарнасында мектеп оқушыларына бейнесабақтар көрсетіледі

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 2020 жылғы 6 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтан оқыту жүйесіне көшеді. Бұл туралы ҚазАқпаратқа «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірлесе отырып бейнесабақтарды қазақ тілінде «Balapan» телеарнасында көрсетеді. Дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 09:00-ден бастап 15:00 аралығында 1-11 сыныптың оқу пәндері бойынша барлығы 2042 бейнесабақ өткізу жоспарланған. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамындағы «Balapan» телеарнасы «Оtau TV» спутниктік операторы, «Аlma TV» кабельдік операторы, ID TV цифрлық теледидар қызметі арқылы қолжетімді. Сонымен қатар арнаны www.balapan.tv ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан онлайн көруге болады. «Android» және «iOS» платформаларына лайықталған мобильді қосымшаны «App Store»,«Play Market» сервистері арқылы тегін жүктеу мүмкіндігі қарастырылған. Бейнесабақтарды көпшілікке оңай қолжетімді ету мақсатында «Balapan» телеарнасының You Tube желісіндегі ресми арнасынан да тікелей көрсету жоспарланып отыр.

28 наурыз 2020 ж. 1 356 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 143

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031