Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр декретте отырғандар 42 500 теңге ала ма деген сауалға жауап берді

Министр декретте отырғандар 42 500 теңге ала ма деген сауалға жауап берді

Қазақстанда төтенше жағдайда табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы беру туралы шешім қабылданды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов декретте отырғандарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінгі онлайн брифинг кезінде министрге декретте отырғандарға қатысты сұрақ қойылды.
"Декретте отырған келіншектер төтенше жағдайда табысынан айырылғандардың санатына жата ма? Олар үшін 42 500 теңгені алуға мүмкіндігі қарастырылған ба?", - деп сұрады тілшілер.
Министрдің айтуынша, ондай азаматтар 42 500 теңгенің жәрдемақысын ала алмайды.
"42 500 теңге бұған дейін ресми және бейресми жұмыс істеп, табысынан айырылған азаматтарға ғана беріледі. Сондықтан декреттік демалыста отырғандар бұл санатқа кірмейді. Алайда ондай отбасыда табысынан айырылған адамдар болса, әлеуметтік төлемді міндетті түрде алады", - деді Нұрымбетов.
Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдайда табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы беру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін осы төлем ресми жұмыс істегендерге беріледі десе, кеше президент бейресми қызмет еткендерге де таратуды тапсырды. Осы санаттағы азаматтар бір рет бірыңғай жиынтық төлемін жасаса, 42 500 теңгені алатын болады.
02 сәуір 2020 ж. 808 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930