Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 42 500 теңгеден: Министр көпбалалы отбасылардың барлығына жәрдемақы төлеуді ұсынды

42 500 теңгеден: Министр көпбалалы отбасылардың барлығына жәрдемақы төлеуді ұсынды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі көпбалалы отбасылардың табысына қарамастан, барлығына бірдей 42 500 теңгеден жәрдемақы төлеуді ұсынды. Бұл туралы Біржан Нұрымбетов үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Министрдің мәліметіне қарағанда, Қазақстандағы балалардың 60 пайызы көпбалалы отбасыдан шыққан. «Осыған байланысты, көпбалалы отбасылардың қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алып отырғандарды шығарып, оларға табысына қарамастан қолдау көрсетуді ұсынып отырмыз. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындайды, олардың материалдық ахуалын көтереді», - дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Нұрымбетовтың сөзінше, жәрдемақы мөлшері сараланған түрде болады. Төрт баласы бар отбасылар айына 42 500 теңге алады. Бала саны қаншалықты көп болса, жәрдемақы да соншалықты көбейеді. Ең жоғары жәрдемақы 73 370 теңгені құрайтын болады.
07 қазан 2019 ж. 1 877 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 158

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 141

Талантымен топ жарғандар

07 наурыз 2026 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031