Коронавирус салқыны. Тойға тыйым салына ма?

- Той тойлайтын емес, ой ойлайтын кезең. Әр шаңырақтағы той маңызды екенін азаматтар жақсы түсінеді деп ойлаймын. Бірақ жақсы араласқаннан кейін, арнайы шақыру қағазын алғаннан кейін жұрт құттықтағысы келеді, қасында болғысы келеді.
Тойды жасайтын және келетін азаматтар қатты ойлану керек. Неге десеңіздер, ол өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне де қауіпті болуы мүмкін. Үкімет үлкен тойларды тойлауға қарсы емес. Наурыз секілді мейрамдар елді біріктіретін, ынтымаққа үндейтін іс-шара. Бірақ осындай жағдайды ескере отырып, халықаралық жағдайды ескере отырып, азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып осындай шешімдерге барып отырмыз. Осы тойларға байланысты азаматтарға жақсылап ойлануды сұраймыз.
Үйлену тойы, туған күн, мерекелер – маңызды шаралар екені рас, бірақ адам денсаулығы бәрінен маңызды. Бізде тойды көп адамға дастархан жайып өткізеді. Көп адам шақырмай өткізуге немесе кейінге шегеруге кеңес беремін, - деді Ералы Тоғжанов.