Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда тойдағы ысырапшылдыққа заң бойынша тыйым салынуы мүмкін

Өзбекстанда тойдағы ысырапшылдыққа заң бойынша тыйым салынуы мүмкін

Өзбекстанда той мен жиын өткізу рәсіміне қатысты арнайы құжат әзірленіп жатыр. Жоба көпшіліктің талқылануынан кейін Парламентте бекітілмек, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның хабарлауынша, тіпті жастардың серуенге шыққанда жүретін қымбат көліктерінің саны да қысқартылуы мүмкін. Уақытқа да шектеу қойылады.
Өзбекстанда үйлену тойы мен ас беру кезіндегі ысырапшылықты қысқарту мәселесін халық қызу талқылап жатыр. Бірі бұл атадан келе жатқан салт десе, енді бірі құр дабырашылық деп отыр. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары тіпті ас берудің өзі бәсекеге айналып барады.
«Кейбір азаматтар қарызға белшеден батса да, дүркіретіп той жасауды әдетке айналдырған», – дейді көрші елдегі қария.
Тұрғындар тойдағы ысырапшылдыққа қойылатын тыйым жақсы бастама деп ойлайды.
«Менің ойымша, қазіргі таңда біреудің үлкен дәмханаларда той өткізуге қауқары жетеді. Кейбіреуінің оған шамасы жоқ. Он-он бес машина жүреді. Тұрмысы төмен адам оны көрген соң қатарынан қалғысы келмейді. Бұл қазіргі заманда той құр ысырапқа айналып барады деген сөз. Дастарханда тіпті ыдыс қоятын жер қалмайды. Соны көрген біз сияқтылар тыраштанып, соңында қарызға батамыз. Негізі бұл дұрыс көтерілген бастама деп ойламын», - дейді Ташкент қаласының тұрғыны Бурибой Кудратов.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жұртты үйлену тойын қарапайым етіп өткізуге шақырған еді. Мемлекет басшысының осы ескертуінен кейін жасалынып жатқан құжатта тойға шақырылатын қонақтар саны 150 адамнан аспауы керек деп көрсетілген. Дастархан мәзірі де соған қарай ықшамдалады. Сонда қазан-қазан палау да басылмайды.
«Кейбір тойларға мың жарымға дейін қонақ келіп жатады. Оларды күту оңай емес. Қаншама қазан көтеріледі. Ысырап көп. Осы тұрғыдан алып қарағанда дұрыс. Той өткізбесін деген шектеу жоқ, тек артық шығынға жол бермеу керек», - дейді Республикалық Махаллалар комитетінің өкілі Лазиз Рахматов.
Жас жұбайлар серуенге шыққан кезінде олармен бірге еріп жүретін қымбат шетелдік көліктер саны да қысқартылады. Бұл жол қауіпсіздігін сақтауға да мүмкіндік береді. Атын шығарғысы келсе, жетім-жесірге қол ұшын созсын. Жаңа жоба талқылаудан кейін депуттартардың қарауына ұсынылмақ.
«Ықшамды болса, той өткізген адамға да тиімді. Уақыты бойынша кешкі оннан кейін той тоқтатылады. Демек жұрт ертеңіне жұмысқа кешікпей барады. Оған қоса жастар түн мезгілінде бейуақыт жүрмейді. Той шағын болса, екі тарапқа да тиімді. Бұл жоба әлі көпшілікке түсіндіріліп жатыр. Осылайша көрші елде той-думанды жарияға жар салып емес, қарапайым етіп өткізу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Бұл той-бизнесінде жүрген кейбір жандарға кері әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен, мамандар бұл – ұлт үшін жасалып жатқан игі бастама екендігін айтады.
11 наурыз 2018 ж. 1 189 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930