Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалім мәртебесін түсірмеу үшін мектепте смартфон пайдалануға тыйым салу керек

Мұғалім мәртебесін түсірмеу үшін мектепте смартфон пайдалануға тыйым салу керек

Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева ҚР Премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында мемлекеттік органдар секілді мектепте де видеокамерасы бар және интернетке қосылған құрылғыларға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Біздің депутаттық сауал ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа жолданады. Сауалымызға негіз болған жайт – соңғы кездердегі қоғамдағы белең алып бара жатқан ұстаздарға деген көзқарас, адами моларьдық қатынас, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі ұстаздардың Парламент депутаттарына өздерінің оқушылар мен ата-аналардан қорғауын сұраған жан айқайлары», - деді сенатор.
Ол Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында табысты болудың ең іргелі басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек екенін атап өтті.
«Ұстаздарға деген құрмет те ерекше болуы керек. Мемлекет мұғалімдерді жан-жақты қолдау шараларын жүргізіп жатыр. Елбасы тапсырмасына сәйкес, Үкімет мұғалімнің мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 30%-ға көбейту туралы жақын арада арнайы қаулы шығарды. Солай болғанымен де бүгінде оқушылардың өз ұстаздарына қысым көрсетуі әділетсіз болып отыр десек артық болмас. Ұсаздарды балағаттау, тіпті қол жұмсау, балалардың тәрбиесіздігіне кінәлау, тағы сол сияқтыларды БАҚ пен әлеуметтік желілерден көріп жүрміз. «Қасиетті ұстаз» деген мәртебелі мамандықтың құнсызданғаны өкінішті-ақ. Бүгін ата-аналар тарапынан балалардың көзінше мұғалімдерге әртүрлі балағат және дөрекі сөздерді қолдану өз ұстаздарына деген жеккөрушілікті туғызып отырғаны, оларға деген құрметтің төмендегені», - деді Динар Нөкетаева.
Оның айтуынша, бүгінде мұғалім бейнесі қауқарсыз, құқығы тапталған адамға айналды.
«Ұстаздарға деген сенімсіздік күннен-күнге, ата-аналардың тарапынан үдемесе бәсеңдеген жоқ. Өйткені оқушылар диктофон, фотоаппарат, мобильді телефон қолдану арқылы мұғалім беделін түсіріп жатыр. Осындай жағдайларды ескере отырып, мұғалім мәртебесін қорғау үшін Үкімет тарапынан ұстаздарға қолдау көрсетілсе дейміз. Мемлекеттік органдарда видеокамерасы бар және интернетке қосылған телефондарды пайдалануға тыйым салынғаны белгілі. Мектептердің де мемлекеттік мекеме екенін ескеріп оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге оқу процессі кезінде интернет пен видеокамералары бар құрылғыларды пайдалануға шектеу қою керек», - дейді сенатор.

15 ақпан 2018 ж. 1 546 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930