Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тартысты турнир

Тартысты турнир

2020 жылдың ақпан айының 16-шы жұлдызында «Jas Otan» Жастар қанаты Қазалы аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен, "Jas Otan" Жастар Қанатының арнайы кубогіне арналған «Жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында облыстық пікір сайыс турнир өтті.
Облыстық турнирді "Nur Otan" партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы ашып, сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирге облысымыздың 7 жоғарғы оқу орындарының студенттері мен 2 мектеп оқушыларынан құрылған 22 фракция (команда) қатысты.
Сайысқа қатысушылар 7 тақырып бойынша сынға түсіп, сөз шеберлігі мен ойларының жоғары дәрежеде екендігін дәлелдеді.
Облыстық пікір сайыстың нәтижесі бойынша барлық қатысушылар "Nur Otan" партиясы Қазалы аудандық филиалының арнайы дипломдарымен марапатталса, жоғары дәрежеде ойын көрсеткен Қызылорда медициналық жоғары колледжінің "Демантор" фракциясы жүлделі І орынды иеленсе, Қазалы аграрлы-техникалық колледжінен құралған "Интелегенттер" фракциясы ІІ орынды, сайыстың ІІІ дәрежелі дипломымен Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі марапатталды.
Сонымен қатар "Үздік Спикер", "Үздік Төреші", "Жас талпыныс" номинациялары табысталды.
Шара соңында "Jas Otan" ЖҚ аудандық бөлімшесінің басшысы Иманалиева Гүлдәрі Тасболатқызы қортынды сөз сөйлеп, барша қатысушыларға партия атынан ерекше алғыс білдірілді.
17 ақпан 2020 ж. 890 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 112

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 103

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930