Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енелер мен келіндер үлгісі

Енелер мен келіндер үлгісі

“Nur Otan” партиясы аудандық филиалы жанындағы «Бекарыстан би» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында, «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» тақырыбында енелер мен келіндер байқауы өтті. Отбасылық татулық пен бірлікті сақтау, енелер мен келіндер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, қазақтың салт-дәстүрін насихаттай отырып, мәдени өмірге қызығушылықты арттыру мақсатындағы кеште «Бекарыстан би» бастауыш партия ұйымының төрағасы Әділхан Сәдіров қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. «Таныстыру», «Көрініс» және «Сұрақ-жауап» деп аталатын үш кезеңмен сынға түсушілер өздерінің жақсы дайындықтарын аңғартып, отбасылық құндылықтарды бейнелейтін көрініс көрсетті. Қазылар алқасы сұрақ-жауап бөлімінде ұлттық салт-дәстүр бойынша білімдерін бағалады.
Іс-шара барысында ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, көрермендер көптеп жиналған мазмұнды кештің шырайын келтіре түсті. Байқау қорытындысында «Инабатты келін мен парасатты ене» бағамы озық өнерімен көрінген ардақты ене Айман Кәдірбай мен келіні Арайлым Байзаққа берілді. Сондай-ақ отбасының ынтымағын келтірген енелі-келінді Раушан Үзденбаева мен Жанна Жетесова «Ибалы келін мен ақылды ене», Ғалия Қазанбай мен Гүлзат Кеңесова «Өнерлі келін мен іскер ене» номинациясына лайық екендіктерін дәлелдеді.
Жеңімпаздар Майдакөл ауылдық округі әкімінің және «Бекарыстан би» ¬бастауыш партия ұйымы төрағасының Алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
С.БАХИҰЛЫ
15 ақпан 2020 ж. 2 105 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930