Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шеберліктерін шыңдады

Шеберліктерін шыңдады

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде «Үздік жас өндірістік оқыту шебері – 2020» байқауы өткізілді. Жастардың мамандыққа сай терең білімдерін және жаңа техника мен технологияларды игеруде шығармашылықпен қолдана білуін анықтау, өзара бәсекелестікті арттыруға бағытталған дода «Менің жетістіктер портфолиом», «Мен – шебермін», «Панорамалық сабақ», «Менің шығармашылық қоржыным» кезеңдерінен тұрды. Оған 11 үміткер қатысып, өздерінің қабілет-қарымын көрсетті.

Байқаудың қорытындысында аға шебер Қуат Құланбайұлы өн­дірістік оқыту шеберінің жұмы­сына жеке-жеке тоқталып, жеңім­паздардың есімін атады. Сонымен бірінші орынды тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығының шебері Гүлнәз Қарасай, екінші орынды Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығының шебері Ержан Аденов, үшінші орынды электрондық есептеу және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының шебері Нұрсұлтан Ахметжан иеленді. Белсенділігімен көзге түскен Бауыржан Жалтайға «Үздік өндірістік оқыту шебері», Жастілек Нұржігітке «Өнертапқыш өндірістік оқыту шебері» номинация­сы берілді
Байқауға қатысушыларға колледж әкімшілігінің марапаты табысталды.
Нұржан ІЛИЯСОВ,
Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің
өндірістік оқыту шебері

08 ақпан 2020 ж. 643 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 124

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031