Үздік ауыл кітапханашысы анықталды

«Үздік ауыл кітапханашысы - 2018» кәсіптік байқауы мәдени-ағарту, ақпараттық-технологиялық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыратын кітапханашылардың жеке шығармашылық қабілеттерін ашуға және айқындауға мүмкіндік туғызады.
Байқаудың мақсаты - кітапханашының позитивті әлеуметтік және кәсіптік имиджін қалыптастыру, оларды қолдау және көтермелеу. Ауылдық кітапханалар қызметінде ақпараттық кеңістігін дамыту және жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру. Байқауға 18 ауылдық кітапханашы қатысып, бақ сынасты.
Байқау қорытындысына сай, «Үздік ауыл кітапханашысы - 2018» иегері Сарбұлақ ауылының кітапханашысы Қарымсақова Ұлжан атанды. Бірінші орынды Түктібаев ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ниетова Гүлмира иемденсе, ал жүлделі екінші орынды Бірлік ауылдық кітапханасының кітапханашысы Иззатова Гүлсінай, үшінші орынды Бекарыстан би ауылдық кітапханасының кітапханашысы Спандияр Гүлжанат бөлісті. Қалған 6 кітапханашы Л.Ілиясова «Мәдениетті кітапханашы», Ж.Жәрімбетова «Көрермен көзайымы», А.Жаңбыршиева «Жаңашыл кітапханашы», Н.Нұрадин «Кәсіби кітапханашы», К.Мақашова «Ұшқыр ойлы кітапханашы», Ш.Абашова «Икемді кітапханашы» номинацияларымен марапатталып, өзге қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.