Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түнгі музейді тамашалады

Түнгі музейді тамашалады

Жалпы республикалық «Музейлер шеруі» жобасы аясында Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінде музей түні өтті. Шара көрнекті ақын Асқар Тоқмағамбетовтың 150, Кеңес Одағының Батыры Владимир Счастновтың 105 және ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Кеңес Асанбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналды.
Онда А.Тоқмағамбетовтың шығармалары оқылып, өмір жолына шолу жасалды. В.М.Счастновтың соғыстағы ерліктері слайд арқылы көпшілікке көрсетілді. Сонымен бірге келушілер К.Асанбаевтың мәдениет саласына сіңірген еңбегі туралы мәліметтерге қанықты.
Ақтан батыр ауылының өнерпаздары Ерлан Сахиев пен Дидар Дінисламов қазақ композиторларының әндерін орындап, жинал­ғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қаладағы Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектеп оқушылары арасында «Кім тапқыр?» викториналық ойыны ойнатылып, сауалдарға дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді.
Түнгі музейді тамашалаушылар А.Құнан­баевтың 175 жылдығына орай ұйым­дастырылған «Абай – ұлы ақын», «Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің бастауы», «Ата Заңым – айбыным», «Ұлы Жеңіс – ел мен ердің жеңісі» атты көрмелермен танысты. Мұндай мәдени-көпшілік шара алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ақерке БЕРДІБАЙ
28 қаңтар 2020 ж. 1 072 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031