Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақсуатта 90 орындық балабақша салынып жатыр

Ақсуатта 90 орындық балабақша салынып жатыр

Сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Майлыбас ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, 2019 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Бұл күні ауылдық учаскелік полиция инспекторы Жасұлан Нұрғали мен Майлыбас ауылдық округінің әкімі Алмат Әбілхан да халық алдында есеп берді.
Қазіргі таңда Майлыбас ауылдық округіндегі 7 елді мекенде 1845 адам тұрады. Олардың көбісі теміржолдың бойында орналасқан стансалар мен бекеттер.
Өткен жылы халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік жолының бойында орналасқан Ақсуат ауылында 90 орындық балабақшаның құрылысы басталды.
2020 жылы округке қарасты Байқожа елді мекеніндегі Ж.Байділдаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал, Ақсуаттағы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы атындағы көше асфальтталады. Бұған тиісті қаржылар аудандық бюджеттен бөлінеді.
Бұған дейін ауылға абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, «Орталық саябақ» салынған болатын.
Есепті кездесуде Байқожа ауылының тұрғындарының атынан Жаңабай Әбдірахманов бірнеше мәселе көтерді. Атап айтар болсақ, мектеп жанынан спорт үйірмесін ашып, елді мекеннен жасанды жасыл төсеніші бар спорт алаңын салу жөнінде ұсыныс айтты. Сондай-ақ, Байқожадағы электр қуатын дұрыстап, бір көшені жарықтандыру мәселесін шешіп беруді сұрады.
Ақсуат ауылының тұрғындары Өмірбек Қожамжаров пошта қызметіне көңілі толмайтынын, Қабақ Бимырзаев әкім мен учаскелік полиция инспекторы ауылға көшіп келіп, жұмыс істесе деген тілегін жеткізді.
Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Рзахан да аудан басшысына бірнеше ұсыныс айтты.
Алдымен Сарбұлақтағы ағайындармен қарым-қатынас жасауда маңызды рөл атқаратын Байқожа стансасы тұсындағы Сырдария өзенінен өтетін қалқымалы көпірді қалпына келтіру, Ақсуаттағы орталық саябаққа ауылды көркейту-көгалдандыруға көп еңбек сіңірген Еленбай Есіркеевтің аты берілсе деген ұсынысын жеткізді.
Сондай-ақ, ауылға жақын жерден ашылатын газ мекемесіне мүмкіндігінше ауыл жастарын жұмысқа тарту қажеттігін тілге тиек етті.
Ал, Күлән Шүленбаева қант диабетімен ауыратын күйеуіне және «Мұнай-газ» мамандығы бар баласына жұмыс тауып беруге көмектесуді сұрады.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев әрбір тұрғынның ұсыныс-пікірлері ескерусіз қалмайтынын жеткізіп, тиісті жұмыс жасау үшін бөлім басшыларына тапсырма берді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
23 қаңтар 2020 ж. 2 040 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 94

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930